• Главная
  • Атырау облыстық балалар ауруханасында «Ботулинотерапия» тақырыбында шеберлік сағаты өтті
18:00, 20 декабря 2023 г.

Атырау облыстық балалар ауруханасында «Ботулинотерапия» тақырыбында шеберлік сағаты өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Шеберлік сағатын Астана медицина университетінің оңалту кафедрасының доценті, невропатолог, реабилитолог, медицина ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Тайтубаева өткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға аудандар мен қалалық емханалар және балалар ауруханасының 25 маманы қатысты. 

-Неврологиядағы ботулиндік токсиндік терапия көптеген неврологиялық жағдайларды тиімді емдеудің бірден-бір жолы болып табылады. Ол әртүрлі ауруларды, соның ішінде неврологиялық ауруларды емдеу үшін медицинада кеңінен қолданылады. Бұл туралы облыстың дәрігерлеріне толық ақпарат бере алдым деп ойлаймын. Алдағы уақытта осы әдіспен емдеу тиімді екенін айтқым келеді,- деді Г.Тайтубаева.

Айта кетейік, жалпы ботулиндік токсин терапиясы жүйке импульстарын блоктау және бұлшықеттерді босаңсыту қабілетіне байланысты ең тиімді емдеу әдістерінің бірі. Яғни, сал ауруы мен инсультпен ауыратын балаларды емдеуде ең тиімді әдіс. Қазақстанда ботулинотерапия 23 жылдан бері сәтті қолданылып келеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #мастер-класс #"Ботулинотерапия"
Объявления
live comments feed...