• Главная
  • Атырауда «Тәуелсіздік - тұғырым» атты музей қоры туындыларынан көрме өтті
16:00, 20 декабря 2023 г.

Атырауда «Тәуелсіздік - тұғырым» атты музей қоры туындыларынан көрме өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Облыстық Ш.Сариев атындағы Өнер музейінде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - тұғырым» атты музей қоры туындыларынан көрме өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара өскелең ұрпаққа халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған еркіндікке, тәуелсіздікке жету жолындағы желтоқсан оқиғасы туралы түсінік берумен ерекшеленіп отыр. Сонымен қатар мұнда кенеп бетіне түсірілген картиналар арқылы бабаларымыздың жүріп өткен жолдарын байқауға болады. 

- Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 32 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз. Осы жылдар ішінде Қазақстан етек-жеңіп жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Қазақ халқының ғасырлар бойы ансаған арманы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде, 1991 жылдың 16-желтоқсан күні жаңа мемлекет - Тәуелсіз Қазақстанға қол жеткіздік. Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке, - деді С.Шариев атындағы музейдің эскурсоводы Әсем Асқарқызы.

Айта кетейік, аталған көрмеге музей қорынан Қ.Айтқалиевтің «Жаңарған өлке, Атамекен», А.Айтмағамбетовтің «Тәуелсіз Қазақстан», Ж.Рахметовтің «Бабалар рухы», Ж.Аралбаевтың «Жаңғырықтан кейін», Қ.Амановтың «Тәуелсіздік жолында» және тағы басқа осы секілді туындылар қойылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #көрме #мұражай қоры
Объявления
live comments feed...