• Главная
  • Қызылқоға ауданында «Тарих және рухани сабақтастық» атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференция өтті
14:00, 20 декабря 2023 г.

Қызылқоға ауданында «Тарих және рухани сабақтастық» атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференция өтті

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі

Аудан төрінде Халел Досмхамедұлының туғанына 140 жыл, Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл, Мұрат Мөңкеұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Тарих және рухани сабақтастық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция  өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Конференцияда сөз алған аудан әкімі Қанат Әзмұханов іс-шараның маңыздылығын айтып, қонақтарға алғысын білдірді.

- Бүгінгі ғылыми-практикалық конференция халқының осы асыл арманын өмірлерінің өзегі тұтқан, есімдері алты Алашқа әйгілі үш тұлғаға арналып отыр. Елінің азаттығын аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғаған атақты зар заман ақыны Мұрат Мөңкеұлы мен Алаш қозғалысының қайраткері, білікті дәрігер, ғұлама ғалым Халел Досмұхамедов, жырау, күйші, композитор Махамбет Өтемісұлы мұраларын танып, насихаттау, есімдерін ел жадында мәңгілік қалдыру баршамызға парыз. Осы орайда, есімдері әйгілі тұлғалардың туған жерлеріндегі республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларға аудан халқы атынан алғысымды білдіремін. Халел Досмұхамедов кезінде өз еңбектерінің бірінде «Бұл дүниеде түрлі данышпан шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осындай адамдар қазақ арасында да аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу  -  елдіктің белгісі» деп көрсеткен екен. Аталы аманат сөзді бүгінгі ұрпақ тарапынан адал орындалуда, - деді Қ.Әзмұханов. 

Конференцияға Алматы қаласынан Аманқос Мектеп-тегі, Жұбай Орынай, Абай Дүйсенбаев сынды профессор ғалымдар келсе, батыс және Атырау өңірінен Ғарифолла Әнес, Шахман Нағымов, Төлеген Жаңабайұлы, Сайпулла Сапанов, Ғабит Базарғалиев, Алтай Тайжановтар баяндама жасады.  

Сондай-ақ іс-шарада Халел, Мұрат, Махамбетке ескерткіштер орнату, ұлыларымызды ұлықтау үшін есімдерін әлеуметтік ғимараттарға беру, Халел энциклопедиясын ұйымдастыруды қолға алу, Махамбеттің тілдік мәдениетін, сармад қорымын зерттеу, Х.Досмұхамедов атындағы төсбелгі шығару сияқты ұсыныстар айтылып, қаулы қабылданды. 

Сонымен қатар аудан әкімі Қанат Әзмұханов пен аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали аудандық мәслихаттың шешімімен Жұмабай Құлиевқа «Қызылқоға ауданының құрметті азаматы» атағын табыстады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #конференция
Объявления
live comments feed...