• Главная
  • Қызылқоғада «Қайсар Халел» пьесасы сахналанды
20:00, 19 декабря 2023 г.

Қызылқоғада «Қайсар Халел» пьесасы сахналанды

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қызылқоға ауданында ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Құрметті профессоры, ақын, өлкетанушы Төлеген Жаңабайұлының «Қайсар Халел» атты пьесасымен сахналанды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа премьераның қойылымына Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларынан келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.

Өлкетанушы ретінде алғашқылардың бірі болып Халел Досмұхамедов және басқа да Батыс Қазақстандағы, оның ішінде Атырау өңірінен шыққан көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлер, ұлтымыздың зиялы қауымы туралы қалам тартып жүрген, ғалымның шығармасын көрерменге қоюшы режиссер Жанар Айдарбаева өз пікірімен бөлісті.

-Ауданның мәдени қызметкерлерінің сомдауымен сахналанған пьеса ұлтымыздың ұлы тұлғасы, алашорда қозғалысының батыс бөлімшесі жетекшілерінің бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, бірегей ғалым, профессор Халел Досмұхамедовтің өмірі мен қызметтік жылдары туралы болды. 

Сол кездегі егемендікті аңсаған қазақтың үкілі үмітін театр әртістері толықтай көрсете білді. Аталған қойылым көрерменнің көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды деп ойлаймын,- деді Ж.Айдарбаева. 

Айта кетейік, аталған қойылым ауданында өтіп жатқан М.Өтемісұлының 220 жылдығы, М.Мөңкеұлының 180 жылдығы, Х.Досмұхамедұлының 140 жылдығына орай «Тұғыры биік тұлғалар» аймақтық этнофестиваль аясында ұйымдастырылып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #пьесаның премьерасы
Объявления
live comments feed...