• Главная
  • Еріктілер балаларға жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырды
12:00, 15 декабря 2023 г.

Еріктілер балаларға жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

«Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен «Теңіз жүрегі» жобасы аясында еріктілер Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларға жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырды, деп хабарлайды Өңірлік коммуниңациялар қызметі.

- Балалар қысқы киімдерді - жылы күртешелерді, қысқы етіктерді, пальто мен кроссовкаларды сыйлыққа алды. Жыл бойы біз кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын барлық жағынан қолдауға тырыстық. «Теңіз жүрегі» еріктілерімен бірге олар үшін түрлі іс - шаралар өткізіп келеміз. Ал жаңа жыл қарсаңында дәстүр бойынша біз балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, ұмытылмас көңіл-күй сыйлап, сыйлықтар ұсынғымыз келді, - деді «Friends of Atyrau» қауымдастығының басшысы Энн Финстуен.

«Теңіз жүрегі» жобасының еріктілері  осы орталықтың балаларына әртүрлі тақырыпта шығармашылық шеберлік сағаттарды, кино-тайм, спорттық жарыстар мен мәдени демалыстарды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Сондай-ақ, орталыққа  теледидарлар, динамиктер, караокені сыйға тартты.

-Бүгінгі іс-шара бізге өтте қатты ұнады, сіздерге көп рахмет! Баршаңызға зор денсаулық тілеймін, жаңа жылдарыңыз құтты болсын!,- орталықтың тәрбиеленушісі Нұрқадам Ережепов. 

Айта кетейік, орталықта барлығы 30 бала тәрбиеленіп жатыр. Биыл оларға еріктілер 10-нан астам іс-шара ұйымдастырды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #еріктілер
Объявления
live comments feed...