• Главная
  • Өңірде «Атырауда жасалған» атты көрме-жәрмеңке өтті
16:00, 13 декабря 2023 г.

Өңірде «Атырауда жасалған» атты көрме-жәрмеңке өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен ауқымды түрде алғаш рет «Атырауда жасалған/Сделано в Атырау» атты көрме-жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Көрме-жәрмеңке жергілікті тауар өндіруші кәсіпкерлерді қолдау, сондай-ақ өңірде өндірілген тауарлармен халықты таныстыру мақсатына өткізіліп отыр. 

Мұнда Атырау қаласында жасалған, өндірілген құрылыс материалдары мен металл өнімдері, жеңіл өнеркәсіп және тамақ өнімдері қойылған. Сонымен қатар көрмеден жергілікті дизайнерлердің сәнді киім өнімдері мен қолөнершілердің қайталанбас қолөнер бұйымдарын да көруге болады. 

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін сөз сөйлеп, іс-шараның өтуіне атсалысқан кәсіпкерлерге, сонымен қатар облыс әкімі Серік Шәпкеновке өз атынан алғысын білдірді.

- Кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы іс-шаралар барлық өңірде атқарылып жатыр. Бүгін де сол шара біздің өңірде жалғасын тауып, көптеген кәсіпкер өз өнімдерін ортаға салып, жәрмеңкенің жоғары деңгейде өтуіне үлестерін қосып отыр. Осы бағыттағы жұмыстарға облыс басшысы үлкен мүмкіндіктер жасауда. Кәсіпкерлік басқармасы, кәсіпкерлік бөлімі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылары осы шараны қолдап, жас кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беру жұмыстарын атқаруда. Көрме-жәрмеңкеге 70-тен астам кәсіпкер қатысып, өз өнімдерін ұсынуда. Барлық қатысушыларды құттықтай отырып, алдағы жоспарларына сәттілік тілеймін, - деді Ш.Кейкін. 

Бұдан бөлек жұмыс барысын тамашалауға әр түрлі саладан қонақтар шақырылды. Олар мемлекеттік ұйым өкілдері, облыстағы мемлекеттік орган өкілдері мен кәсіпкерлері. Сондай-ақ Атырау қаласындағы кәсіпкерлікті дамытуға ниетті тұлғалар және қала тұрғындары да бар.

Іс-шара соңында барлық кәсіпкерлер қала әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жәрмеңке-көрме #"Атырауда жасалған"
Объявления
live comments feed...