• Главная
  • Атырауда кәсіпқой былғары қолғап шеберлері жергілікті жас боксшылармен кездесті
14:00, 13 декабря 2023 г.

Атырауда кәсіпқой былғары қолғап шеберлері жергілікті жас боксшылармен кездесті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» оқушылары  «Suleimen promotions» боксшыларымен кездесті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жас боксшылармен кездесуге Евгений Павлов, Бек Нұрмағанбет, Абилхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов сынды әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген боксшылары келді. Сонымен қатар кәсіпкой жаттықтырушылар Қанат Орақбаев, Асет Айсин және «Suleimen promotions» орталығының атқарушы директоры Калихан Ақдырашев қатысты. 

- Атырау облысындағы тұңғыш мектеп-интернат құтты болсын! Бұрын осындай жас спортшыларға арналған мектеп-интернат болмаған. Осында біздің спортшыларға жол ашатын барлық жағдайлар жасалынған. Қазіргі танда 4 спорт түрінен сециялар ашылған, соның ішінде бокс спорты да бар. Өзіміз бокс саласында жүргендіктен, осындай кездесу ұйымдастырылып отыр. Жас боксшыларға айтарым - аянбай еңбек етіңіздер. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, жеңістерің көп болып, биіктерден көріне беріңдер, - деді К.Ақдырашев.

Айта кетейік, кездесу барысында былғары қолғап шеберлері жас боксшыларға шеберлік сағатын өткізіп, спорттағы жолдарына сәттілік тіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жас боксшылар
Объявления
live comments feed...