• Главная
  • Атырауда өңірдің әлеуметтік кәсіпкерлерінің VIII Құрылтайы өтті
12:00, 13 декабря 2023 г.

Атырауда өңірдің әлеуметтік кәсіпкерлерінің VIII Құрылтайы өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бүгін облыстың әлеуметтік кәсіпкерлерінің дәстүрлі VIII Құрылтайы өтіп, «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жылдық жұмысы қорытындыланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Құрылтай «Теңізшевройл» ЖШС қаржылық қолдауымен «Әлеуметтік бағдарламалар және инновациялар қоры» ҚҚ іске асыратын Атырау облысының әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Жарқыра» бағдарламасы аясында өткізілді.

Іс-шарада Әлеуметтік бағдарламалар және инновациялар қорының басшысы Ирина Горбаченко шара маңыздылығына тоқталып, жоба жұмысымен бөлісті.

- Жыл сайын «Жарқыра» жобасы арқылы біз жаңа әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдаймыз. Биыл 11 жобаға қолдау көрсетілді. Бағдарлама конкурсының финалистерінің барлық жобалары бизнес-оқыту, консультациялар арқылы өтіп, тәжірибе алмасу бойынша тағылымдамаға жолдама алды. Сондай-ақ біздің серіктесіміз Теңізшевройл компаниясынан жалпы сомасы 26 млн теңгеден астам және жеке бизнестен 1 млн 500 мың теңгеден астам қаржылық қолдауға ие болды. «Жарқыра» бағдарламасының ерекшелігі - әлеуметтік кәсіпкерден қайтарылған қарыз қаражаты жаңа әлеуметтік кәсіпорындарға қайта инвестицияланады. Биыл қайтарым сомасы 20 млн теңгеге жетіп, бұл ақшаға қоғамға қажетті тағы 5 жоба қолдау тауып, даму мен оқытуға мүмкіндік алды. Осылайша, жыл сайын әлеуметтік кәсіпкерлер саны артып келеді, - деді И.Горбаченко.

Жиын барысында Lulu Group, Metabody және Metafarm компаниялар желісінің негізін қалаушы Әсел Машанова компанияның сапасын арттыру мен жұмыс әдістері туралы инсайдерлік фактілермен бөлісті. Сонымен қатар экоактивист, Eco Network компаниясының негізін қалаушы, Қазақстандық қор биржасының басқарушы директоры Евгений Мұхамеджанов қатысып, бизнестегі еңбек жолы мен қазақстандықтардың жаңа экологиялық дүниетанымын қалыптастыратын жобалар туралы айтып өтті.

Айта кетейік, «Жарқыра» жобасы - әлеуметтік-экономикалық проблемалардың инновациялық шешімдерін іздеп, мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесетін кешенді бағдарлама. Бағдарлама аясында 2016 жылдан 2023 жылға дейін Атырау облысында әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша 8 конкурс өткізіліп, 62 жеңімпаз өз кәсіпорнын ашуға немесе дамытуға мүмкіндік алды.

Қызмет салалары бойынша бағдарлама қолдаған жобалардың 36-ы балаларды дамыту және тәрбиелеу саласында, 9-ы мүгедек адамдарды қолдау, 5-і медицина саласында, сондай-ақ халықтың осал топтарындағы адамдарды оқыту және жұмысқа орналастыру саласы бойынша 5, отбасын қолдау саласы үшін 2 және 3 жоба экология және экотуризм мен 2 жоба халық қолөнерін дамыту саласы бойынша бөлінген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Құрылтай әлеуметтік кәсіпкерлер
Объявления
live comments feed...