• Главная
  • Атырау қаласының табиғи монополия субъектілерінің қызметін цифрландыру үшін iQala жобасы іске қосылады
18:00, 12 декабря 2023 г.

Атырау қаласының табиғи монополия субъектілерінің қызметін цифрландыру үшін iQala жобасы іске қосылады

Pexels сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Pexels сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде өңірдің цифрландыру жүйесіне тоқталды.  Қазіргі уақытта облыста 153 ауылдық елді мекеннің 132-сі интернетпен қамтылған (93 АЕМ – ADSL, 3 АЕМ – FTTx, 36 АЕМ – 3G, 4G). Жалпы халықтың интернетпен қамтылу үлесі 99,2%-ды құрайды.

- Халық саны 250-ден астам ауылдық елді мекендерде кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша байланыс операторлары 22 елді мекенде мобильді интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етті. Қазіргі таңда Атырау қаласында халық көп шоғырланатын жерлерде 5G технологиясы бойынша интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін �8 базалық станция қондырылды, ағымдағы жылдың соңына дейін 16 базалық станция, ал 2024 жылдың соңына дейін  40 базалық станция қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 38 ауылдық елді мекенге талшықты оптикалық интернет желісін жүргізу және облыс бойынша облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр,-деді С.Шәпкенов.

Сонымен қатар Атырау қаласында қызметтерді цифрландыру мақсатында денсаулық сақтау, білім, транспорт және логистика және қауіпсіздік салаларында бірқатар жұмыс атқарылды.

- Қазіргі таңда Астана қаласының iQala жобасы мысалында, Атырау қаласының табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба осы жылдың соңына дейін іске қосылады. Сонымен қатар, жергілікті «Атырау жастары» және «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша өтініштерді қабылдауды, кезегін реттеуді цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Атырауда Мемлекет басшысының креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру бойынша өңірде жастар үшін креативті орталықтың жұмысын бастау жоспары тұр. Орталық мәдени өмірді дамытуға серпін беріп, жастарға  кәсіби дағдылар мен білім, сондай-ақ Soft skills-ті жетілдіруге көмектесуге арналған,-деді С.Шәпкенов.

Атырау облысында өңірлік it-хаб ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жоба IT-жобаларды дамытуға және ілгерілетуге, сондай-ақ өңір кадрларының құзыретін арттыруға бағытталған. IT-хаб Astana Hub халықаралық технопаркінің өңірлік филиалы болады. Бүгінгі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске қосу 2024 жылдың 1 жартысына жоспарланған.

«Retarga» халықаралық жобасы аясында 30-дан астам маманды 3D модельдеу бойынша оқыту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, келіссөздер жүргізіліп, үй-жайды анықтау және жабдықтау (компьютерлер) жұмыстары жүргізілуде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #цифрландыру #iQala
Объявления
live comments feed...