• Главная
  • Сағыз ауылында жеті отбасы баспаналы болды
18:00, 8 декабря 2023 г.

Сағыз ауылында жеті отбасы баспаналы болды

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сағыз ауылында жеті отбасыға баспананың кілті табыс етілді, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ауданда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші жыл өткен сайын артуда. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында былтыр 420 шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл 8080,5 шаршы метр болатын баспананы табыстау көзделген. Осы жылы аудан бойынша тұрғын үй кезектілігінің бес санатына сәйкес 67 пәтер сатып алу жоспарланып, 28 тұрғын жаңа қонысына кірген болатын. Қалған үйлер жыл соңына дейін беріледі деп күтілуде. 

Салтанатты шарада аудан әкімі Қанат Әзмұханов баспаналы болған ауыл тұрғындарын құттықтап, үйдің кілтін табыс етті. 

- Мемлекет басшысы «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді» деп атап өткен болатын. Бұл – мемлекеттің тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарының бірі деп білеміз.  

Өңірде түрлі санаттағы баспана кезегінде тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету - мемлекеттік негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді және бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар жалғасын табады. 

Жаңа баспаналарыңыз ұядай жылы, берекелі болсын,- деді Қ.Әзмұханов.

Сондай-ақ баспаналы болған жандардың бірі Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің студенті Ақбаян Ержан бүгінгі қуанышты сәтінде аудан басшыларына өз ризашылығын білдіріп, өзге ауылдастарын да құттықтады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қызылқоға ауданы бойынша үй кезегінде тұрғандардың саны 630.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Сағыз #жаңа тұрғын үй
Объявления
live comments feed...