• Главная
  • Жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын-алу шаралары күшейтілуде
14:00, 7 декабря 2023 г.

Жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын-алу шаралары күшейтілуде

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Рейдтік жұмыстардың мақсаты - кәмелет жасқа толмаған оқушылардың беймезгіл жүруінің, алкогольді, есірткі және психотропты заттарды тұтыну жайттарын алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын-жайдан тыс болуы және ойын-сауық орындарға баруын анықтау және жолын кесу. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

- Атырау облысы Полиция департаменті жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен бірлесе отырып, 5-желтоқсаннан бастап, кәмелет жасқа толмағандар арасында профилактикалық іс-шаралар жүргізуді бастады. Қазіргі таңда патрульдік полиция, ювеналдық полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары іс-шараға толық жұмылдырылды. Аталған профилактикалық жұмыстар 2-қаңтарға дейін жалғасады,- деді Атырау қалалық полиция басқармасының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әнуар Кокалов.

Сағат 19.00-де басталған түнгі рейд жұмыстары таңғы сағат 06:00-дейін жалғасты. Тексеріс барысында қала аумағы бойынша түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген 13 жасөспірім анықталды. 12 баланың ата-аналарына ескерту берілсе, 1 жасөспірімнің анасына бұл жағдай қайталанып орын алғаны үшін айыппұл салынды. 

Айта кетейік, кәмелет жасқа толмағандарға түнгі сағат 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін үйден тыс заңды өкілінсіз жүретін болса – ескерту жасалынады. Егер ұқсас факт жыл ішінде қайталанса, 7 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жасөспірімдер құқық бұзушылықтар
Объявления
live comments feed...