• Главная
  • Атырауда шинкиокушинкай каратэден «Батыс Қазақстан» республикалық турнирі өтті
10:00, 5 декабря 2023 г.

Атырауда шинкиокушинкай каратэден «Батыс Қазақстан» республикалық турнирі өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, «Атырау облыстық шинкиокушинкай каратэ федерациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен шинкиокушинкай каратэден «Батыс Қазақстан» атты 10-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында дәстүрлі ашық республикалық турнир өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.  

Облыстық шинкиокушинкай каратэ федерациясының жаттықтырушысы Алмас Төлеуов бұл дода жасөспірімдер арасында спорт түрлерін насихаттап, шеберліктерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылғанын айтып өтті.

- Бізде бұл «Батыс Қазақстан» чемпионаты деп аталатын жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Биыл Орал, Ақтөбе қалалары спортшыларының қатыса алмауына байланысты, Маңғыстау облысының Ақтау мен Жаңаөзен қалалары және Атырау қаласы мен Махамбет ауданының спортшылары сайысқа түсті. Жалпы 350-ден астам бала додада бақ сынады. Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсатымыз – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, олардың спорттық шеберліктерін шыңдау. Сондай-ақ спортты, соның ішінде, каратэні дамытып, насихаттау, - деді А.Төлеуов. 

Жарыстың нәтижесінде атыраулық спортшылар 28 алтын, 12 күміс және 10 қоланы қанжығалап, белсенділік танытса, ақтаулық каратэшілер 9 алтын мен 11 күміс, 10 қоланы еншіледі. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының қатысушылар 3 алтын, 10 күміс пен 11 қола иеленсе, Махамбет ауданының спортшылары 3 алтын, 7 күміс, 9 қолаға қол жеткізді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #шинкиокушинкай қарате #"Батыс Қазақстан"
Объявления
live comments feed...