• Главная
  • Атырауда композитор Ы.Дүкенұлының 180 жылдығына орай «Бозінген» атты шығармашылық кеш өтті
14:00, 1 декабря 2023 г.

Атырауда композитор Ы.Дүкенұлының 180 жылдығына орай «Бозінген» атты шығармашылық кеш өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен қазақтың атақты күйші-қобызшысы, композитор Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған «Бозінген» атты шығармашылық кеш өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Іс-шараға Ы.Дүкенұлының ұрпағы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Атырау күйшілер одағының жетекшісі Ақнар Тәттібайқызы қатысып, кеш мақсатына тоқталып өтті.

- Ұлы күйші, қобызшы Ықылас Дүкенұлының биыл 180 жылдығы республикалық деңгейде тойлануда. Еліміздің әр қалаларында оның шығармашылығына арналған кеш өтуде, бүгін сол іс-шара осы Атырауда жалғасып тапты. Мұнда қобыз өнері, соның ішінде, қобыз классигінің мерейтойы аясында бүгін таңертеңнен бері бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Қазіргі концертке Астана, Алматы мен Оралдан арнайы әртістер келуде. Сонымен қатар осы атыраулық өнерпаздар қатынасуда. Ұйымдастырушылар мен барлық кеш қатысушыларына алғысымды білдіремін, - деді А.Тәттібайқызы.

Шығармашылық кеште қазақ елінің әдебиетіне, мәдениеті мен өнеріне сүбелі үлесін қосып жүрген Ілия Жақанов, Ақнар Тәттібайқызы, Жанар Жүсіпова, Нұрлан Түменбай сынды тұлғаларға Ы.Дүкенұлы атындағы төсбелгі табысталды.

Сондай-ақ Д.Нұрпейісова атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Болат Долдашевқа Республикалық «Күйшілер одағына» мүшелік куәлігі мен Қ.Сағырбайұлы атындағы төсбелгі берілді.

Айта кетейік, Ықылас Дүкенұлы – қазақтың атақты күйші-қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері. Ол өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық әлеуметтік көріністері бейнеленген «Кертолғау», «Ерден», «Жалғызаяқ», «Жарым патша», «Жезкиік», сондай-ақ ел арасына кеңінен тараған аңыз әңгімелер, қиял-ғажайып оқиғалар арқау болған «Қамбар - Назым», «Айрауық», «Қазан» сынды күйлердің авторы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #композитор Дүкенұлы #шығармашылық кеш
Объявления
live comments feed...