
14:00, 27 ноября 2023 г.
Атыраудағы 109 call-орталығы бір тәулікте 1500 қоңырау қабылдады

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Бұл туралы «109 Бірыңғай байланыс орталығының» басшысы Ақмарал Батырханова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінде call-орталық күшейтілген режимде қызмет етуде. Орталықта ауысымдағы операторлар саны 5-тен 12-ге дейін көбейтіліп отыр. Мұнда қызметкерлер 4 ауысымда жұмыс істейді.
-Жалпы бізге коммуналдық бағытында қоңыраулар келіп жатады. Ал соңғы уақытта өтінімдердің басым көпшілігі ауа-райының қолайсыздығына қарай, жарықтың апаттық жағдайда өшуі, аумақтардағы жауын суын тазалаумен байланысты болып отыр. Барлық қабылданған өтінімдер орындалу үшін жауапты мекемелерге дер кезінде жеткізілуде,- деді А.Батырханова.
Айта кетейік, 109 call-орталығы 2020 жылдан бастап қызмет етуде. Мұндағы 30 қызметкер ауысыммен 24/7 жұмыс істейді. Тәулігіне орта есеппен 450-500 қоңырау түседі.
Еске сала кетейік, «109 Бірыңғай байланыс орталығы» өңірдегі барлық коммуналдық кәсіпорындардың call-орталықтарын біріктіре отырып, аумақ тұрғындарымен байланыс жасаудың бірыңғай нүктесі. Орталықтың негізгі артықшылығы - тұрғындар үшін тәулік бойынша қолжетімді, тегін байланыс арнасы болумен қатар, коммуналдық және әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімдеріне қатысты мәселелерді қашықтықтан шешу.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:54
Вчера
16:24
6 октября
11:33
6 октября
12:19
5 октября
18:07
2 октября
12:15
2 октября
17:58
1 октября
Встроенная мебель в Атырау: семь ошибок, из-за которых шпон трескается, а двери не закрываются
Новости компаний
12:11
30 сентября
Объявления
12:53, 3 октября
15
00:07, 1 октября
09:50, 1 августа