
20:00, 24 ноября 2023 г.
Атырауда «Арнайы білім беру: Сапалылық. Жаңашылдық. Кәсіби дағды» атты ашық алаң өткізілді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Аталған іс-шара Білім беру басқармасына қарасты арнайы мектеп-интернаттың құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Аталған арнайы мектеп-интернат ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларды өз мүмкіндіктеріне сенімді, түрлі мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында қызмет етіп келеді.
Ашық алаңның мақсаты - ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі ілгерілеушіліктерді, жаңашылдықты ортаға салып, педагогтер мен арнайы мамандардың тәжірибелерімен бөлісу. Іс-шараға ардагер ұстаздармен қатар түлектер де келді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында ашық сабақтар мен тәрбиелік-танымдық сағаттар өткізіліп, «Әсемдік әлемі – балалар қолымен» көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Жүрекке жылу, санаға білім сыйлаған ұлағат ұясына – 25 жыл» атты мектеп шежіресі туралы арнайы шығарылған кітап таныстырылды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта мектеп-интернатта есту, көру қабілеті зақымдалған, психикалық дамуы тежелген 140 оқушы білім алуда.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
live comments feed...