• Главная
  • Аймақ басшысы Зинеден ауылының тұрғындарымен кездесті
10:00, 23 ноября 2023 г.

Аймақ басшысы Зинеден ауылының тұрғындарымен кездесті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Исатай ауданы Зинеден ауылдық округінe жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жиында Серік Шәпкенов Исатай ауданында  жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Зинеден ауылындағы басты мәселе - жаңа мәдениет үйі мен спорт кешенін салу. 

-Бұрын тұрғындармен кездескенде, бұқараның басты талабы көгілдір отын, ауыз су, электр жарығымен қамтамасыз ету еді. Қазіргі таңда бұл тізімдегі дүниелер халыққа қолжетімді болды. Ел игілігін көріп жатыр. Бүгінгі күннің басты сұрауы, халықтың ұсынысы әлеуметтік нысандар болып тұр. Зинеден ауылына жаңа мәдениет үйі мен спорт кешені қажет. Қазіргі мәдениет үйі, бұрынғы мектептің орны. Бүгінде осы екі әлеуметтік нысанның құжаттамасы шықты. 2024 жылы құрылысын бастауды жауапты мамандарға тапсырамын,-деді С. Шәпкенов.

Кездесуде тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді айтып, ұсыныс-пікірін жеткізді. Соның ішінде ауылішілік тас жол салу, жаңа мәдениет үйі мен спорт кешенін салу, қатынап оқитын оқушыларды тасымалдау, су каналдарын салу сынды мәселелерді көтерді. 

Кейін аймақ басшысы тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, мәселелерін сала мамандарымен бірге қарады. Облыс әкімі азаматтар көтерген әр мәселе өзектілігіне қарай заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. 

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің Зинеден ауылының тұрғындарымен кездесуі Исатай ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. 

Анықтама үшін: Зинеден ауылында 1320 адам тұрады. Мұнда мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік-акушерлік пункт сынды әлеуметтік нысандар бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Зинедин #әкім
Объявления
live comments feed...