• Главная
  • Көптоғай ауылынан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды
16:00, 22 ноября 2023 г.

Көптоғай ауылынан 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды

фото: аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құрманғазы ауданына қарасты Көптоғай ауылдық округінен 300 орындық мәдениет үйі салына басталды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Тапсырыс беруші Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі болса, бас мердігер «Декор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Өнер ордасының бірінші қабатында 300 орынды көрермен залы, қызметкерлер кабинеттері, асхана, киім шешетін орын қарастырылған. Екінші қабатта би залы, оқырман залы бар кітапхана, үйірмелер жұмысына және шаруашылық қажеттіліктеріне арналған бөлмелер орналасқан.

-Осыдан біраз уақыт бұрын аталған ауыл тұрғындары мәдениет үйі қажеттігін айтып, мәселе көтерген болатын. Енді міне, округ орталығынан нысанның құрылысы басталды. Қазіргі таңда жері тегістелуде. Қалған құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады,- деді «Декор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысының орынбасары Айбек Нұрғалиев.  

Айта кетейік, аталған мәдениет үйі 2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазіргі таңда Көптоғай ауылында 1152 тұрғын бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Қоптоғай #мәдениет үйлері
Объявления
live comments feed...