• Главная
  • Биыл ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңінде 48 оқушы жеңімпаз атанды
14:00, 22 ноября 2023 г.

Биыл ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңінде 48 оқушы жеңімпаз атанды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Осы жылы ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының І кезеңіне Атырау облысы бойынша 6000-ға жуық оқушы қатысты. ІІ кезеңіне 110 оқушы жолдама алса, оның 48-і оқушы жеңімпаз атанды. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының "Таланттарды анықтау және қолдау орталығының" директоры Руслан Сарбалин мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Таланттарды анықтау және қолдау орталығының негізгі қызметі - дарынды балалар мен талантты жастардың барынша көп санын қамту. Олардың әлеуметтік жағдайына және отбасының каржылық мүмкіндіктеріне қарамастан зияткерлік және жеке әлеуетін дамытуға ықпал ету. 

- «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы еліміздегі ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларды қолдау мен дамытуға бағытталған ауқымдағы бірегей жоба. Өткен жылы ауылдық жерлердегі  6-сыныптардың неғұрлым қабілетті оқушыларын анықтап, оларға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде білім алуға мүмкіндік берді. Нақтырақ айтсақ, Республикалық физика-математика мектептерінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде жүзеге асты, - деді Р.Сарбалин.

Сондай-ақ оның айтуынша, орталықта дарынды балалар мен талантты жастардың барынша санын көп қамтып, кәсіби өзін-өзі айқындауын және қалыптасуын іске асыру үшін жағдайларды дамытып, олар үшін «әлеуметтік лифт» жүйесін құру мақсатында бірқатар жобалар іске қосылып, жоспар бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Сонымен қатар Атырау облысы Білім беру басқармасының қолдауымен "Таланттарды анықтау және қолдау орталығында" балалардың мақсатын айқындау үшін «Қабілет» жобасы іске қосылған. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының "Таланттарды анықтау және қолдау орталығының" бөлім басшысы Кәмшат Ханалиева айтып өтті.

- «Қабілет» жобасының басты мақсаты – оқушылардың бойындағы қабілеттерін диагностикалау және кәсіптік бағдар беру. Жобаға 5-17 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Қазіргі кезде 8 жас пен 11 жастағы оқушыларды диагностикалаудан өткізіп жатырмыз. Айта кетейік, «Қабілет» тапсырған баланың үш деңгейі анықталады. Олар, І-деңгей – жақын арадағы даму аймағы, ІІ – орташа және ІІІ – жоғары деңгей. Бұл жоба ата-аналарға үлкен көмек болмақ, - деді К.Ханалиева.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #олимпиада #"Мың бала"
Объявления
live comments feed...