• Главная
  • Өңірде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі басталды
12:00, 22 ноября 2023 г.

Өңірде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі басталды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Еліміз бойынша алғаш рет өткізіліп отырған олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатысуда. Атырау облысы бойынша қала маңындағы ауыл мектептері мен 7 ауданнан 110 мектеп, 3087 оқушы қатысып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков білім додасына қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.

-Бұл бастаманың мақсаты – ауылдық білім беру ұйымдарындағы  оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін анықтау. Сондай-ақ, қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу - деді Е.Сламбеков. 

Олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша жаратылыстану-математикалық бағытта: математика, физика, химия, биология, информатика, география пәндерінен өткізілсе, қоғамдық-гуманитарлық бағытта: қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі пәндерінен өткізіліп отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #республикалық олимпиада #ауылдық мектептер
Объявления
live comments feed...