• Главная
  • 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі енгізіледі
10:00, 20 ноября 2023 г.

2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі енгізіледі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

«Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» заңды тұлғалардың басшыларынан бөлек, олардың құрылтайшылары мен жұбайлары да ұсынуға міндетті. Бұл туралы Кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының Жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Нұрмира Орынбаева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- «Активетр мен міндеттемелер туралы декларацияда» көрсетілетін мәліметтер қатарына Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі мүліктері жатады. Нақтырақ айтқанда, жылжымайтын мүлік, жер учаскелері мен жер үлестері, әуе және теңіз кемелері мен ішкі суда, «өзен-теңіз» жүзу кемелерін, көлік құралдары, арнайы техника немесе олардың тіркемелері көрсетіледі.  Бұдан бөлек, барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақшасы туралы мәліметтерін ұсынады. Сондай-ақ ҚР тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін көрсетуі қажет,- деді Н.Орынбаева. 

Оның айтуынша, декларацияда ел ішінде тіркелген мүліктер туралы да мәліметтер көрсетілуі тиіс. Мәселен, тұрғын үй қатарына үлестік қатысу немесе тұрғын үйдегі үлес, бағалы қағаздар мен инвестициялық алтын және зияткерлік меншік объектілері мен авторлық құқық және тағы басқа жеке құнды мәліметтер беріледі.

Айта кетейік, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны  электронды және қағаз түрінде табыс етуге болады. Электорнды тәсіл үшін  «Салық төлеушінің кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq аzamat және (egov.kz) мобильді қосымшалары жұмыс жасайды. Ал, қағаз түрінде - мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен немесе тапсырыс хатпен пошта арқылы жолдауға болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жалпыға бірдей декларациялау
Объявления
live comments feed...