• Главная
  • Облыс әкімі «Арманда» халықаралық форумының спикерлерімен кездесті
14:00, 17 ноября 2023 г.

Облыс әкімі «Арманда» халықаралық форумының спикерлерімен кездесті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медиа-менеджер, «Арманда» форумының тележүргізушісі және идеялық авторы Арман Дәулетияров, қазақстандық еркін стильдегі балуан, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков қатысты, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жиында Серік Шәпкенов мұндай форум жастарды ұлттық құндылық пен сапалы білімге, креативті жастарды тәрбиелеуге, кәсіби дамуға баулып, қоғамдық пікірді қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.

- «Арманда» форумы аясында өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, дұрыс тәрбие алуына үлкен жұмыс істеп жатырсыз. Атырау - қаймағы бұзылмаған қазақи өңір. Ұлттық тәрбие мен рухани тәрбиені жанымен ұғатын мекен. Ал келер ұрпақты дәл осындай құнды дүниелерге тарту керек. Тағы да айта кететін жайт, бүгін елімізде 20 миллионыншы сәби өмірге келді. Оның біреуі Атырауда. Біздің өңірге осындай бақ бұйырды. Әрине осындай елдің жастары жан-жақты, мәдениетті, шығармашылық жағынан да осал болмауы тиіс. Жастар арасында «тез байысам» деген түсінік қалыптасып, құмар ойынның жетегінде кеткендер бар. Сіздің жобаңыз аясында алдындағы аға-апаларына қарап бой түзеп, ой түйер деп ойлаймын. Бұл ретте Атыраудан да креативті индустрия орталығын ашамын десеңіз қолдауға дайынбыз,-деді С.Шәпкенов.

Өз кезегінде Арман Дәулетияров «Арманда» жобасының маңыздылығына тоқталып, алдағы жоспарымен бөлісті. 

- Бұл жоба қазақстандықтар үшін өзекті мәселелерді талқылайтын пікірталас алаңын құруға бағытталған. Мұнда білім беру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ жастардың рухани және әлеуметтік дамуы мәселелері қаралады. Топ құрамында елге елеулі еңбегі сіңген белді адамдар бар. Олар форумда сөз сөйлеп, жетістікке жеткен жолы мен төккен тері туралы жастарға айтып береді. Осылайша олар ағаларынан мотивация алып, еңбектенуге, өмірде өзіне нақты не керектігін табуға көмектеседі деп сенім білдіремін,-деді медиаменеджер А.Дәулетияров.

Форум 16 қарашада М.Асаубаева атындағы креатив орталығында өтеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #спикерлер #әкім #"Арманд"
Объявления
live comments feed...