
20:00, 16 ноября 2023 г.
Атырауда монополияға қарсы ден қою шаралары нәтижесінде мемлекет пайдасына 485 млн теңгеге жуық сома өндірілді

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Асель Адиева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған департаментпен нарық субъектілерінің әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуына байланысты кәсіпкерлерге үш хабарлама жолданған. Сондай-ақ екі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына тергеп-тексеру жұмыстары аяқталып, бес тергеп-тексеру уақытша тоқтатылып, екі тергеу жүргізілуде.
- Бұған қоса департамент Атырау көлік прокуратурасымен бірлескен тексерісте «РТИ-АМӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Тексеріс қорытындысына сай «РТИ-АМӨЗ» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 73 млн теңгеден астам монополиялық кірісті, 411 млн теңгеден астам сомаға салынған айыппұлды мемлекет пайдасына толық көлемде өндірді, - деді А.Адиева.
Сонымен қатар тексеріс нәтижесінде «Batys Trans Group» ЖШС-нің іс-әрекеттерінде монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактісін анықтаған. Осыған орай анықталған бұзушылықтарға сай көлік прокуратурасының ұсынымына сәйкес «Batys Trans Group» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде істер қозғалған.
Сондай-ақ оның айтуынша, Атырау облысы прокуратурасымен бірлесіп «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-не қатысты тексеріс жүзеге асырылған. Тексеріс барысында парк тарапынан Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2, 9, 10-тармақтарының бұзылу фактілері анықталған. Осыған сәйкес жыл басында ӘҚБтК-тің 159-бабына 3-1 тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған.
Айта кетейік, Атырау облыстық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттың биылғы 20 қыркүйектегі қаулысына сәйкес соттың қаулысы заңды күшіне еніп, паркке 324 млн-ға жуық қаржы көлемінде әкімшілік айыппұл салынып отыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:04
Вчера
10:15
Вчера
Объявления
11:44, 30 июня
12
14:37, 23 июня
15
18:18, 15 июня
14:37, 23 июня
53
live comments feed...