• Главная
  • Атырау облысы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша республикада алдыңғы орында
16:00, 16 ноября 2023 г.

Атырау облысы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша республикада алдыңғы орында

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бұл туралы облыстық Экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Мақсот Ғалымов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Жалпы облысымыз Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірі болып табылатыны бәрімізге белгілі. Ал сол облысымыздың экономикасының негізі – мұнай және газ саласы. Қазір де перспективалық маңызды салалар ретінде химия өнеркәсібіне, машина құрылысына, құрылыс материалдары өндірісіне, ауыл және балық шаруашылығына басымдық беріліп отыр. Былайша айтқанда, өңір ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосуда, - деді М.Ғалымов.

Биыл І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі - 6,7 трлн теңгені, нақты көлем индексі – 103,8%-ды құрады. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі облыстың үлес салмағы – 14,1%-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар М.Ғалымов мұнай және газ өндіру саласы бойынша өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда ұлғайғанын атап өтті.

- Жыл басынан бергі қорытынды көрсеткіш есебі бойынша өнеркәсіп, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және байланыс салаларында өсім бар. Сондай-ақ алдыңғы жылмен салыстырғанда мұнай және газ өндіру көлемі де артып отыр. Атап айтсам, мұнай – 43,9 млн тоннаны құраса, ал газ – 22,7 млрд текше метр болды, - деді ол.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 187 іс-шараны жүзеге асыру көзделген. Кешенді жоспардың жалпы сомасы – 8 трлн 983 млрд теңге. Жоспар шеңберінде биылға жалпы сомасы – 1 трлн 629 млрд теңгені құрайтын 116 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Осы жылы бюджет есебінен іс-шараларды іске асыруға 135,9 млрд теңге қаражат бөлінді.

- Биыл 7 айдың қорытындысымен кешенді жоспардың төрт іс-шарасы орындалды. Қалған 111 іс-шара орындалу сатысында, ал біреуі орындалмады. Орындалған жобалармен таныстырып кетейін. Ең әуелі, қаламыздағы «Нұрлы-Тал» этнопаркі іске қосылып, 10 жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ Құрманғазы ауданы Үштаған ауылында құм ұстау жұмыстарын жүргізумен қатар, қаладағы Ішкі істер департаменті ғимараттары кешенінің құрылысын аяқтау жұмыстары жобасы орындалды. Оған қоса тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағыты бойынша Исатай ауданы Қызыл үй ауылында 48,344 км және Жасқайрат ауылында 55,960 км газ құбырлары салынды, - деді М.Ғалымов.

Сондай-ақ оның айтуынша, бұдан бөлек биыл облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту бағытындағы екі жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен - 2,7 млрд теңге және жергілікті бюджеттен -  8,5 млрд теңге бөлініп отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #әлеуметтік-экономикалық даму
Объявления
live comments feed...