10:00, 16 ноября 2023 г.
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына басшы тағайындалды
фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімінің өкімімен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына Полымбет Хасанов тағайындалды. Ол бұған дейін Исатай ауданының әкімі қызметін атқарды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа басшыны аймақ басшысы Серік Шәпкенов әкімдік отырысында таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Полымбет Хасанов 1980 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Қазіргі заманғы гуманитарлық университетінде «Заңгер» мамандығын тәмәмдаған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және басқарудағы бизнес-аналитика мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолы:
2002-2005 жылдар аралығында облыстық Ішкі істер департаменті жүйесінде жұмыс істеген.
�2005-2006 жылдар аралығында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман;
�2006-2010 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімінің бас инспекторы;
�2010-2014 жылдар аралығында Мақат ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында болған.
�2014 жылы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары;
�2014-2019 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, кейіннен Атырау қаласы әкімінің орынбасары;
�2019 - 2021 жылдар аралығында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары;
2021 жылдың наурыз айынан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Исатай ауданы әкімі қызметін атқарды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:25
Вчера
12:32
Вчера
Объявления
11:55, 4 октября
53
live comments feed...