16:00, 15 ноября 2023 г.
Атырау теміржол вокзалында төтенше жағдайдан құтқару бойынша оқу-жаттығу өткізілді
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
«Теміржол көлігімен қатты әсер ететін улы заттарды тасымалдау кезіндегі қауіпті жүктердің төгілуіне байланысты туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау» бағытында оқу-жаттығу іс шарасы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Белгіленген жоспар бойынша вагондарды маневр жасау кезінде теміржолшы цистернаның астыңғы бөлігінен тамып тұрған ақшыл сары түсті сұйықтықты көріп (күкірт қышқылы), анықтау барысында сұйықтыққа уланып, ес түссіз құлап қалады. Тепловоз машинисті болған жағдайды көріп, станса кезекшісіне хабарлайды. Кезекші хабарландыру схемасы арқылы станса басшылығы мен РЦУП-1 диспетчеріне, сондай-ақ шұғыл қызметтерге хабар береді және теміржолда болған оқиға туралы 101 нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметінің кезекшісіне ақпарат береді. Төтенше жағдай орнына авариялық-құтқару қызметтері жіберіледі. Сондай ақ, ТЖД, Атырау облысының көліктегі санитралық-эпидемиялық бақылау бөлімшесінің, Желілік полиция бөлімі, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығының» Атырау облысы филиалы қызметтеріне хабар беріледі.
Төтенше жағдай болған жерге қоғамдық тәртіпті сақтау қызметкерлері апат болған жерді қоршады. Әскери темір жол күзеті қызметкерлері залал тиген жерді желілік полиция бөлімі қызметкерілермен бірге қоршауға алуға кірісті. Осы уақытта оқиға орнына ТЖД-нің 4 қызметкері зардап шеккен адамды улану аймағынан шығарды. Оған дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді. Бірнеше минуттан кейін Атырау облысының көліктегі санитралық-эпидемиялық бақылау бөлімшесінің радиациялық-химиялық қорғаныс байланысы оқиға орнына келді. Алдымен олар желдің бағыты мен жылдамдығын анықтап, атмосфералық ауадағы улы химикаттардың мөлшерін өлшеді. Зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізу нәтижелері бойынша қауіпті аймақ анықталып, тиісті белгілер мен жалаулар орнатылды.
«Апаттар медицина орталығы» қызметкерлері зардап шеккен адамның жағдайын бағалап, жедел-жәрдем станциясының дәрігерлеріне тапсырды.
Сондай-ақ төтенше жағдай болған жерде жедел штаб құрылып, төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы азаматтық қорғау құрылымдары мен қызметтерінің бастықтарына оқыс оқиғаны жою бойынша міндеттер қойды.
Күштер мен құралдарды жедел басқару үшін байланыс дистанциясының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен байланыс орнатты. Бір бөлімше атмосферадағы химиялық қауіпті заттардың концентрациясын төмендету үшін жауынгерлік қанат жайып, өрт сөндіру пойызын дайындап, су пердесін орнатса, екінші бөлімше құрылымы «ӨСжАҚЖ» ММ-мен бірлесіп, биіктігі 5 метрге дейінгі су пердесін жасау үшін өрт оқпандарын пайдаланды. Ақжайық станциясының өрт сөндіру №45 пойызы шақырту орнына шықты. Өрт сөндіру қарауыл бастығы келіп, уақиғаны анықтап, орталыққа баяндады.
- Бұл Қазақстан теміржолы Батыс филиалының аумақты бөлімшесімен, Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті бөлімшілермен ұйымдастырылып жатқан оқу-жаттығу. Мақсаты - темір жол көлігіндегі көлік қызметінің объектілік құрылымдарының, кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің қатты әсер ететін улы зат - күкірт қышқылы ағып кететін темір жол көлігіндегі аварияны жою жөніндегі авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу жөніндегі бірлескен іс-қимылдары. Мұндай жаттығу жылына екі мәрте ұйымдастырылып тұрады. Әрі қызметкерлердің шыңдалуына зор пайдасы болмақ,- деді Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Жантөре Демешов.
Айта кетейік, оқу-жаттығуға ТЖД, Теміржол вокзалы, Атырау облысының көліктегі санитралық-эпидемиялық бақылау бөлімшесі, Желілік полиция бөлімі, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығының» Атырау облысы филиалы, Радиациялық-хмииялық және биологиялық қорғау күштері, жалпы саны 150-ге жуық қызметкер, 30 техника жұмылдырылды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:26
Вчера
14:17
Вчера
Объявления
11:55, Вчера
53
11:55, Вчера
live comments feed...