
16:00, 14 ноября 2023 г.
Жылыой ауданында Жаңа Қаратон кенті мен алты ауылға 71,5 шақырым жарық жүргізу жұмыстары жүргізілуде

фото: Аймақтық байланыс қызметі
Аудан көлемінде көше жарығының жалпы ұзындығы 177 шақырым. Оның ішінде Құлсары қаласында 136 шақырым, Қосшағыл ауылында 10, Жаңа-Қаратон кентінде 25, Ақкиізтоғайда 1, Шоқпартоғайда 2, Тұрғызбада 2 шақырым және Майкөмген ауылдық округінде 1 шақырым. Бұған қоса Жаңа Қаратон кенті мен 6 ауылға 71,5 шақырым жарық жүргізу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Осыған орай ауылдық елді мекендерді көше жарығымен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптама қорытындысы алынып, жұмыстар жүргізілуде.
-Қазіргі таңда әлеуетті өнім беруші мердігер мекемелер анықталып, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Шоқпартоғай ауылының 18 көшесіне - 12,4 шақырым көше жарығы жүргізіледі. Мердігер мекеме «Гранд Мастер» ЖШС. Ал Тұрғызба ауылының 23 көшесіне - 12 шақырым, Ақиізтоғай ауылының 18 көшесіне – 12,5 шақырым көше жарығы жүргізілгелі жатыр. Мердігер мекеме «Казақстан электрокомплекс» ЖШС. Сондай-ақ «Армандастар Атырау» ЖШС мердігерлігімен Майкөмген ауылының 6 көшесіне – 5,6 шақырым көше жарығы жүргізіліп басталды,- деді Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Саян Баселов.
Сонымен қатар ол, «Жайық сити» ЖШС мердігерлігімен Жаңа Қаратон кентінің 9 көшесінің - 4 шақырымына және «Сұңқар құрылыс LTD» ЖШС Қосшағыл ауылының 41 көшесіне - 25 шақырым жарық жүргізетінін жеткізді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:51, 28 апреля
15
14:34, 6 мая
live comments feed...