• Главная
  • Атырауда мемлекеттік қызмет және қаржы саласы мамандары арасында спорттық жарыс өтуде
10:00, 14 ноября 2023 г.

Атырауда мемлекеттік қызмет және қаржы саласы мамандары арасында спорттық жарыс өтуде

Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Pixabay сайтынан иллюстрациялық фотосурет

Абай орталығының спорт залында облыстық Экономика және қаржы басқармасы мен облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық вальютасы - теңгенің айналысқа енгеніне 30 жыл толу құрметіне байланысты, мемлекеттік қызмет және қаржы саласы қызметкерлерінің арасындағы спорттық іс-шараның ашылуы өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Салтанатты іс-шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысып, атаулы күннің құндылығына тоқталды. 

- 15 қараша - айтулы күн. Өйткені, 30 жыл бұрын төл теңгеміз айналысқа енген еді. Бұл еліміздің егемендігінің айрықша белгісі. Теңгеміз нарық саласында өз орнын таба білді, экономикамыз нығайды. Төл вальютамыз әлемдік нарық жүйесінде тұғырлай берсін. Есепке бас қойған мамандар бүгінгі сайыстың арқасында бір сергіп алады деп ойлаймын. Облыс экономикасына төккен терлеріңіз елене берсін, - деді Қ.Нұртаев. 

Аталған додада 15-ке тарта мекеме қызметкерлері командалық тәртіпте өз намыстарын қорғайды. Атап айтсақ, Экономика және қаржы басқармасы, Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы, Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазынашылық департаменті, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы, Ұлттық банк, БЖЗҚ, Атырау қаласы экономика және бюджеттік жоспалау, қаржы бөлімдері және облысымыздың 7 ауданынан келген экономика және қаржы бөлімдері.

Сала қызметкерлері садақ ату, бес асық, шахмат, үстел теннисі, баскетбол және эстафеталық спорт түрлері бойынша сынға түсіп отыр. 

Айта кетейік, спорттық сайыс ертең аяқталады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жарыс
Объявления
live comments feed...