• Главная
  • Нұрсая ықшамауданында 250 орындық жаңа емхананың құрылыс жұмысы жүргізілуде
15:00, 12 ноября 2023 г.

Нұрсая ықшамауданында 250 орындық жаңа емхананың құрылыс жұмысы жүргізілуде

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

фото: Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нұрсая ықшам ауданында салынып жатырған үш қабатты емхананың жалпы ауданы 4709,77 шаршы метр. Мердігер мекеме – «Бекболатовтар Құрылыс Компаниясы» ЖШС. 

- Нысанның құрылыс жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталды. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары жүргізілуде. 250 адамды қабылдайтын емханада ауруларды тексеру және диагностикалау, маман дәрігерлердің консультациясы және халықты сауықтыру бойынша профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылады,- деді Н.Құсайынов. 

Басқарма басшысының айтуынша, нысанда келушілерге арналған жалпы бөлме, дәрігерлік практика бөлімшесі, күндізгі стационар, оңалту, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі бар. Сондай-ақ консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі, зертхана, биохимиялық топ, функционалды, сәулелік диагностика, орталық зарарсыздандыру бөлмелері қаралған. Оған қоса әкімшілік-тұрмыстық, қызметтік және шаруашылық бөлімдер болып функционалдық топтарға бөлінген.

Айта кетейік, аталған емхана 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Нұрсая #емхана
Объявления
live comments feed...