
10:00, 11 ноября 2023 г.
Атырауда синтетикалық есірткінің таралуын болдырмау үшін StopSyntheticAtyrauBot атты telegram бот іске қосылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Бұл ботта тұрғындардың жеке дерегі құпиялылығын сақтайды. Осылайша олар есірткі граффитилері заңсыз ілінген орынның мекен-жайы немесе орналасқан нүктесі туралы ақпарат жібере алады. Сіз жолдаған хабарлама құқық қорғау органдарына жіберіліп, жарнамалар дереу жойылады. Сондай-ақ, тұрғындар есірткімен байланысты қылмыстар, оны тасымалдаушы азаматтар, есірткі құрамды заттарды сататын заңсыз интернет-дүкендерге де сілтемелер жібере алады, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Telegram бот анонимді болғандықтан, жіберушімен кері байланыс болмайды. Сондықтан ботқа ақпарат жібергенде қойылатын басты шарт - құқық бұзушылықтың фото немесе бейне жазбасы бар файлды тіркеу міндеттеледі. Бот мекенжайы: http://t.me/StopSyntheticAtyrauBot
Жоба Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен жүзеге асырылды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:58
1 октября
Встроенная мебель в Атырау: семь ошибок, из-за которых шпон трескается, а двери не закрываются
Новости компаний
12:11
30 сентября
09:15
30 сентября
Тимур Турлов пообещал выделять $1 млн в год на шахматы в школах
Новости компаний
17:45
29 сентября
17:55
28 сентября
15:16
28 сентября
Объявления
09:50, 1 августа
05:50, 1 октября
00:07, 1 октября