• Главная
  • Қайнар тұрғын үй алабынан азаматтарға үй салу үшін жер беріле бастады
20:00, 10 ноября 2023 г.

Қайнар тұрғын үй алабынан азаматтарға үй салу үшін жер беріле бастады

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі Қайнар тұрғын үй алабына инженерлік-инфрақұрылым жүргізу жұмыстары аяқталуына байланысты, 1999-2006 жылдары аралығында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін өтініш білдірген азаматтарға кезектілігі бойынша Кеңөзек ауылдық округі, Қайнар тұрғын үй алабынан жер учаскесін бөлуді бастады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары құқығында жер учаскесiн жеке тұрғын үй құрылысы үшін беру туралы ерікті нысандағы өтінішті сұралып отырған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша береді. Өтініш үш жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесі орналасқан жердегі жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға түседі. Ұсыныстарды дайындау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері өтініш түсуіне қарай беріледі,- деді Атырау қаласының жер қатынастары сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Жұмабек Жұмағалиев.

Сондай-ақ Ж.Жұмағалиев Кеңөзек ауылдық округі, Қайнар тұрғын үй алабынан 1999-2006 жылдары аралығында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін өтініш білдірген азаматтар қосымша сұрақтарымен Сатпаев көшесі 5 мекенжайында орналасқан Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне жұмыс күндері сағат 9.00-18.00 аралығында хабарласуыларына болатынын жеткізді. 

Айта кетейік, аталған ауылдық округтен тұрғын үй салу үшін 618 жер телімі бөлініп отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Қайнар #жер учаскелері #ЖТҚ
Объявления
live comments feed...