• Главная
  • Қызылқоға ауданының денсаулық және мәдениет саласы жаңа автокөліктермен толықты
18:00, 10 ноября 2023 г.

Қызылқоға ауданының денсаулық және мәдениет саласы жаңа автокөліктермен толықты

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

фото: Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан басшысы Қанат Әзмұханов аудандық аурухана, Қызылқоға, Тайсойған, Сағыз, Мұқыр дәрігерлік амбулаторияларына «Газ-Соболь» маркалы жедел жәрдем көлігінің және аудандық орталық кітапханаға Jas Sunray автокөлігінің кілттерін салтанатты түрде табыстады. Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ауданының медициналық мекемелеріне келген 5 көлік алғашқы көмек көрсетуді жақсартуға, денсаулық саласын одан әрі дамытуға оң әсер етпек.

Жаңа «Газ-Соболь» автокөліктерінің бір ерекшелігі - жол талғамай, құмды жерлер мен шалғай ауылдарға еш қиындықсыз қатынай алады. Көліктің іші науқас жататын орын және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, мәдениет саласының бір бағыты - кітапхана ұжымына табыстылған автокөлік оқырмандар үшін қалқысыз қызмет етер құрал болмақ. 

Айта кетейік, бүгінде ауданның денсаулық сақтау саласында 482 адам еңбек етсе, оның ішінде 46 дәрігер мен 302 орта буын қызметкері бар. Ал мәдениет ошағы бойынша 19 кітапхана мен 43 кітапханашы халыққа қызмет етуде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #автомобиль паркі #Қызылқоға ауданы
Объявления
live comments feed...