14:00, 10 ноября 2023 г.
Атырауда қимыл-қозғалысы шектеулi адамдар үшiн нысандардың қолжетiмдiлiгiн көрсететін карта iске қосылды
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Атырауда жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін қалалық ортаның қолжетімділігін көрсететін онлайн картаның тұсаукесері өтті. Ақпараттық ресурс мүмкіндігі шектеулі жандарға және басқа да жүріп-тұру қиындығы бар адамдарға нысандар олар үшін қолайлы ма, жоқ па, соны алдын ала білуге, өз маршрутын жоспарлауға және қала бойынша жүруді жеңілдетуге көмектеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Жыл басында қалада кедергісіз орта идеясын дамытуға және барлық тұрғындар үшін қолжетімді кеңістік құруға бағытталған «Кедергісіз Атырау» жобасы іске қосылды. Бастаманы «Теңізшевройл» ЖШС «Әлеуметтік инвестиция» бағдарламасы аясында «Біз де адамбыз» қоғамдық қоры жүзеге асырып отыр. Жоба аясында бүгінге дейін қор мүшелері, еріктілер, мемлекеттік орган қызметкерлері мен белсенді қоғам өкілдері 50-ден астам мониторинг жүргізіп, оның барысында 1000-нан астам нысан сараптамадан өткен. Барлық ақпарат талданып, қол жетімділік картасын жасау үшін пайдаланылды.
- «Біз де адамбыз» қорының командасы керемет жұмыс көрсетуде. Сайтқа жүктелген барлық ақпарат – бұл ауа-райының қолайсыздығына, өзге де кедергілерге қарамастан, жыл бойы объектілерге мониторинг жүргізген мүгедектер арбасындағы адамдардың еңбегінің нәтижесі. Қолжетімді ортаны құруда біз мобильділігі төмен топтар өкілдерінің, белсенді азаматтар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің үйлесімді жұмысын көре алатынымыз қуантады. Біз кедергісіз ортаның маңыздылығын түсінеміз және осы бағытта әрі қарай жұмыс істейтін боламыз, - деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.
Картада көрсетілген әрбір нысанға қолжетімділік деңгейін көрсететін түстер тағайындалады. Айталық, жасыл – толық қолжетімді нысан, сары – қолжетімді орта элементтері бар нысан, қызыл – толықтай қолжетімсіз нысан. Мониторинг кезінде көптеген ғимараттар мен мекемелердің иелері өз объектілерінің кедергісіз орта стандарттарына сәйкестігі туралы алғаш рет біліп, бар проблемаларды жою арқылы азаматтық танытқан.
- Карта толыққанды сайт болып табылады, оның ашық және тегін деректері халықтың аз қозғалатын топтарына, яғни мүгедектігі бар адамдар, арбамен жүретін кішкентай балалары бар ата-аналар, қарттар, жүкті әйелдер, уақытша жарақат алғандарға қалалық кеңістікте қозғалуға мүмкіндік береді. Сайтты пайдалану үшін https://kedergisizatyrau.kz веб-парақшасына өту керек. Егер картада қандай да бір объект болмаса немесе онда өзгерістер орын алса, картаның ыңғайлы интерфейсі кез-келген адамға объектінің қолжетімділігі туралы жаңартылған ақпаратпен бөлісуге мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін 1000 нысанды қамту жоспарлануда, - деді «Біз де адамбыз» қорының басшысы Гүлназ Космурзиева.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
12:31, 2 декабря
53
22:21, 23 ноября
live comments feed...