
18:00, 9 ноября 2023 г.
«Атырау облысы Су арнасы» КМК абоненттерге ыңғайлы болу үшін телеграмм чат-ботынының жаңа нұсқасын ұсынады

фото: Аймақтық байланыс қызметі.
"Атырау облысы Су арнасы" КМК өзінің соңғы жаңартылымдағы телеграмм чат-ботының іске қосылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл қызмет абоненттермен өзара әрекеттесуді жеңілдетуге және жақсартуға, оларға маңызды ақпарат пен қызметтерге жылдам және ыңғайлы қол жеткізуге мүмкіндік береді.
- Біздің кәсіпорын абоненттеріміздің тәжірибесін жақсартуға үнемі ұмтылуда. Бұл чат-бот қызметтерлердің ыңғайлылығы мен қолжетімділігін арттыру жолындағы тағы бір қадам. Аталған чат-бот 24/7 қол жетімді, ол абоненттерге шоттарын басқаруға және нақты уақыт режимінде маңызды ақпарат беруге ыңғайлы. Бұл қызмет - уақытты үнемдеу және қаржылық операцияларды жеңілдету мақсатында жасалған,- деді «Атырау облысы Су арнасы» КМК-нің өткізу қызметінің басшысы Зульфия Қадырқызы.
Оның айтуынша, мұнда бірқатар мүмкіндіктер қарастырылған. Айталық, абоненттер нақты уақыт режимінде ағымдағы баланс және төленген сомалар туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ олар кеңселерге бармай-ақ, қарыздарын өздері үшін ыңғайлы уақытта тексеріп, төлей алады. Оған қоса, есеп құралдары туралы ақпаратты оңай көруге және олардың су тұтынуын бақылауға мүмкіндік береді. Осы арқылы есептеу құралдарының көрсеткіштерін айдың 15-тен 25-ке дейін беру оңай және тез жүреді, бұл есептеу процесін едәуір жеңілдетеді. Сонымен қатар абоненттер төлемдер мен шығыстарды шот-фактуралар мен салыстыру актілері арқылы бақылай алады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:19
Вчера
09:15
Вчера
15:18
13 февраля
13:18
13 февраля
Объявления
12:13, 13 февраля
15
10:27, 3 февраля
12
12:13, 13 февраля
53
12:13, 13 февраля
live comments feed...