• Главная
  • Атырауда биыл өрт оқиғасы 12 пайызға азайған
18:00, 7 ноября 2023 г.

Атырауда биыл өрт оқиғасы 12 пайызға азайған

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Жыл басынан бері облыс аумағында 212 өндірістік-тұрмыстық және табиғи өрт тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға азайды. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Талғат Сансызбаев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Өткен жылы өрттен екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды. Ал биыл балалардың отпен абайсыздығынан 4 жағдай тіркелген, 33%-ға азайып отыр. Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзылуы бойынша осы жылы 3 жағдай тіркелген. 

От қолдану жұмыстарын жүргізу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзушылықтары бойынша былтыр да, биыл да 3 жағдай тіркелді. Сондай-ақ былтыр қасақана от қоюдың 12 жағдайы, биыл тек біреуі тіркелді. Өткен жылы пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережесін бұзған 15 жағдай болса, биыл 7, яғни 41% кеміген. 2023 жылы тіркелген электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдалануды бұзудың 143 жағдайы жалпы өрт санының 67% құрайды. Тұрғын үй секторында өткен жылмен салыстырғанда өрт 8%, ал автокөлікте 12% - ға азайды. Өрт пайда болуының негізгі орындары - тұрғын үй секторында. Сондай-ақ көмірқышқыл газынан улану салдарынан қаза тапқандардың саны Мақат ауданы мен Атырау қаласында екі-екіден 4 адам болып отыр,- деді Т.Сансызбаев. 

Сондай-ақ бас маман газдан уланудан қорғану бағытында бірқатар кеңесті  атап өтті.  

-Улы газ бен иістен аулақ болу үшін әрбір азамат мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Электрмен жылытатын және басқа пеш құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің қарапайым шараларын сақтау керек. Жылу пештерінің ақаусыз болуын қадағалау қажет. Құрылыс нормалары мен ережелері кез-келген пештің өрт қауіпсіздігі талаптарына қатаң сәйкес болуы шарт. Пеш ағаш сияқты тез тұтанатын қабырғалардан қашық орналасуы қажет. Шатырдағы түтін шығатын мұржа мен қабырғалар әктелуі тиіс. Мұржалар мен пештерді жиналып қалған күйелерден екі айда бір рет тазалап тұру керек. Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру өте қауіпті,- деді ол.

Сонымен қатар маман тұрғын үйде қолдан жасалған уақытша және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес металл пештерді өздігінен орнатуға тыйым салынатындығын айтты. Сондай-ақ облыс тұрғындары мен қонақтарына күнделікті жағдайлар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу үшін жылыту маусымында жылыту пештерін жедел тексеруді сұрады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #өрт
Объявления
live comments feed...