• Главная
  • Атырауда «Болашаққа бағдар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың перспективалары» республикалық форумы өтті
18:00, 4 ноября 2023 г.

Атырауда «Болашаққа бағдар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың перспективалары» республикалық форумы өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Форумның басты мақсаты - мектепке дейінгі білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын талқылау және мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің білімін өзектендіру. Сондай-ақ олардың кәсіби құзыреттілігін жетілдірумен қатар, озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.

Форумда қалалық,  аудандық білім бөлімдерінің және мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері мен педагогтері қатысты. Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің және «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері, республикалық әдістемелік орталық мамандары болды.

- Құрметті республикалық форумның қатысушылары және қадірменді қонақтар! Қазіргі қарқынды даму жағдайында білім беру жүйесі өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Сондықтан да біз, педагогтер, педагогикалық шеберлікті жетілдіре отырып, бала жүрегіне жол тауып, өмірде табысты жас ұрпақты тәрбиелеуміз керек. Баршамыз бірлесіп, осы міндеттерді орындауға күш салатын боламыз. Құрметті педагогтер, жас ұрпақты тәрбиелеу мен дамытуда толағай табыстарға кенеле берулеріңізге тілектеспін,- деді Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова.

Сонымен қатар форум барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының аға сарапшысы Ақкенже Исанбергенова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды форумды жоғары деңгейде өткізуге шақырды.

- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институты атынан сіздерді «Болашаққа бағдар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың перспективалары» республикалық форумының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Республикалық деңгейдегі форумды осымен екі жыл қатарынан Атырау облысы өткізіп отыр. Облыста жақсы бастамалар, озат тәжірибелер баршылық. Осы сәтті пайдалана отырып, облыстық білім беру басқармасына және Әдістемелік орталыққа ризашылығымызды білдіремін. Қол жеткізген нәтижелермен бөлісу, форумға қатысушы өңірлердің тәжірибелерімен танысу, сондай-ақ талдау, пікірлесу, ақылдасу, толғанып жүрген ойларды ойға салу – осылардың барлығы форумның басты жұмысы болуға тиіс деп есептеймін. Сондықтан да форумның әрқайсымыз үшін табысты өтуіне атсалысуға шақырамын,- деді ол.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #республикалық форум
Объявления
live comments feed...