15:00, 4 ноября 2023 г.
Атырауда «Поэзия - пырағым, арғымағым» тақырыбында А.Ершуовтың 80 жылдығына арналған кеш өтті
фото: Региональная служба коммуникаций.
Атырауда облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ақын Аманқос Ершуовтың 80 жылдығына арналған «Поэзия - пырағым, арғымағым» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Поэтикалық кеште ақынның жырлары оқылып, сахналық қойылымдар қойылды. Сондай-ақ мәдени шараға республикамызға танымал ақын-жазушылар, әдебиет және өнер майталмандары қатысты. Соның бірі, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Бауыржан Жақып қатысып, А.Ершуов туралы естеліктермен бөлісті.
- Биыл Аманқос Ершуов ағамыздың 80 жылдық мерейтойы өзінің туған өлкесінде өте кең көлемде тойлануда. Ағамыз өмір бойы өз ауылынан шықпай, осы жерде ұстаздық етіп, мектеп-интернаттың директоры болып қызмет атқарған. Дегенмен, өлеңге деген махаббатының арқасында қазақ поэзиясына 19 жасында келіп, өзін алты алашқа танытып, соңында мол мұра қалдырған. Бұл өткізіліп отырған іс-шаралардың барлығы ақынның шығармашылығына деген үлкен құрметті білдіреді. Сондықтан ақын есімі мен еңбектері еш уақытта өшпек емес, - деді Б.Жақып.
Сонымен қатар әдеби-сазды кешке ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев арнайы қатысып, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің атынан құттықтау хатын оқып, оны А.Ершуовтың қызы, ақын Маржан Ершуоваға табыстады.
Сондай-ақ іс-шара барысында «Мәдениет порталы» платформасында қаламгерлер арасында онлайн түрде өткізілген «Ақ бұлттар, қара бұлттар, ала бұлттар» атты республикалық эссе байқауының жүлдегерлері марапатталды.
Нәтижесінде, 35 қаламгер шығармалары ұсынылған сайыста «Дос керек» атты туындысымен Алматы өңірінің тумасы Мақсат Тәж-Мұрат Бас жүлде иегері атанды. I орынды Атырау қаласының өнерпазы Төлеген Жаңабаев «Іңкәр сезім» шығармасымен қанжығалады. Ал «Жем бойынан алысқа жыр асырған» туындысымен Атырау облысынан қатысушы Жұмабай Құлиев пен «Желтаудан ескен жүйрік жел» тақырыбындағы эссемен түркістандық қаламгер Ұларбек Дәлейұлы II орынды иеленді. Сонымен қатар Атырау облысынан Сүйеу Халықов «Ақша бұлттар арқалаған пәк арман» атты эссесімен, Батыс Қазақстан облысынан Марлен Ғилымхан «Пышақтың жүзіндей кітап – құстардай тізілген ойлар...» туындысымен және павлодарлық Қарлығаш Қашқынбай «Мәңгілік жыр» эссесімен жүлделі III орынды еншіледі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
13:03, 28 октября
12
live comments feed...