14:00, 4 ноября 2023 г.
Атыраулық «Дарын» ер балалар хоры республикалық фестивальден оралды
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
«Әнші балапанға 33 жыл» Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінде өнер көрсеткен атыраулық бүлдіршіндер оралды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
31 қазан күні Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, республикалық «Әнші балапан» телевизиялық түсірілімінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген вокал, хор, би ұжымдары өз өнерлерін көрсеткен болатын.
Дәл осы салтанатты іс-шарада Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония жанынан құрылған «Дарын» ер балалар хоры «Beggin» әнімен телеарна түсіріліміне қатысты. Хордағы балалардың жас ерекешелігі 5-15 жас. Хор жетекшісі ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Білім беру ісінің үздігі Алтын Жұматина.
Айта кетейік, өнер фестивалінде бұрын «Әнші балапан» жобасы арқылы көпшілікке танылған Мадина Садуақасова, Фарида Жолдасова т.б. эстрада жұлдыздары да ән шырқады. «Қазақстан дауысы» балалар жобасына қатысқан әнші балалар мен жас кино актері Майдан Аймаут та өнер көрсетті.
Хас жұлдыз бен жас жұлдыздарды өз көздерімен көріп, бір сахнада өнер көрсеткен өңір бүлдіршіндерінің қуанышы көздерінен байқалады. Телевизиялық түсірілім жуырда «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан көпшілікке жол тартпақ.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:26
Вчера
14:17
Вчера
Объявления
11:55, Вчера
53
11:55, Вчера
15
live comments feed...