• Главная
  • «BURKIT арнайы жасақ» фильмі қалың көрерменге жол тартты
10:00, 4 ноября 2023 г.

«BURKIT арнайы жасақ» фильмі қалың көрерменге жол тартты

фото: Аймақтық байланыс қызметі. ⠀

фото: Аймақтық байланыс қызметі. ⠀

Бүгіннен бастап «BURKIT арнайы жасақ» фильмі қалың көрерменге жол тартты. Көркемсуретті туынды 2022 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысымен түсірілген. Оған еліміздің ең танымал актерлері қатысып,  ҚР Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланы қолдау көрсеткен. Сондай-ақ, экшн-қойылымдар мен трюктерге толы фильмнің түсіріліміне Ұлттық ұланның арнайы жасақ жауынгерлері, әскери техникасы мен авияциясы қатысқан, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Рөлдерді Санжар Мәди, Дәулет Нұразханов, Дәурен Серғазин және Асылхан Төлепов ойнайды. Арнайы жасақтармен бірге олар да күшті қажет ететін жаттығуларды орындап, тактикалық дайындықтан өткен. Түсірілім Алматы облысының көрікті жерлерінде, Есік көлінің тауларында және Іле өзенінде өткен.

Кино афишалардың мәліметіне сай, Атырау қаласы бойынша Арсенал 3D кинотеатрында фильмді тамашалауға болады. Билеттердің бағасы студенттер үшін 1800, ересектерге 2500 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, фильм 16 жастан жоғары азаматтарға көруге рұқсат етілген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #"Арнайы күштер Burkit"
Объявления
live comments feed...