18:00, 2 ноября 2023 г.
Биыл Әділет департаментінің атқару өндірісін қамтамасыз ету бөліміне 177 арыз-шағым түскен
фото: Аймақтық коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Гуланда Қыстаубаева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
2023 жылдың 9 айында Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөліміне жеке сот орындаушыларының әрекетіне, әрекетсіздігіне қатысты 177 шағым түсті. Бұл алдыңғы жылдың 9 айымен салыстырғанда 52 шағымға кем.
- Келіп түскен арыз-шағымдардың 31-і бойынша жоспардан тыс бақылау жүргізіліп, алты арыз негізсіз болып табылып, олар бойынша жеке сот орындаушының тарапынан заң бұзушылықтар анықталмады. Ал қалған 25 шағым бойынша Заң бұзушылықтар анықталып, жеке сот орындаушының өңірлік палатасына тәртіптік комиссияда қарау үшін қорытындылар жолданды. Нәтижесінде жеке сот орындаушының өңірлік палатасы бұйрықтары негізінде 11 жеке сот орындаушысына тәртіптік жаза берілді. Айта кету керек, 1 жеке сот орындаушы алимент өндіру туралы атқарушылық өндіріс бойынша бірнеше ай бойы әрекетсіздік танытқаны үшін жеке сот орындаушысының лицензиясын тоқтату туралы сотқа талап арыз беріліп, сотпен қанағаттандырылды,- деді Г.Қыстаубаева.
Сондай-ақ маман брифинг барысында жеке сот орындаушының қызметі бір ғана заңмен реттелетіндігін және оларға қатысты шағымдар болған жағдайда оны шешуге арналған әр өңірдің өңірлік палатасы болатынын айтып өтті.
- Шағымданушы жеке сот орындаушылардың әрекетіне және әрекетсіздігіне қатысты шағымды өңірлік палатаға жолдай алады немесе уәкілетті орган әділет департаментіне шағымдана алады. Әрбір облыста жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары құрылған. Сонымен қатар «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 127-бабында сот орындаушылардың әрекеті және әрекетсіздігіне қатысты сотқа шағымдануға болады. Себебі шағым түсірушілер сот орындаушысының процессуалдық қабылданған шешімдерін және қаулыларын тек сот арқылы ғана бұза алады, - деді ол.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
10:44, 26 ноября
12
12:31, 2 декабря
15
live comments feed...