• Главная
  • Атырауда Төтенше жағдайлар департаментінің қатары 12 қызметкерге толықты
14:00, 1 ноября 2023 г.

Атырауда Төтенше жағдайлар департаментінің қатары 12 қызметкерге толықты

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Атырау қаласындағы «Жеңіс» саябағында облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне жаңадан қабылданған жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиын барысында ерлік пен даңқ нышаны саналатын жауынгерлік Ту шығарылып, жас мамандар қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруға ант етті. Сондай-ақ олар, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, мемлекет мүддесін қорғауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге және мемлекеттік қызметші деген жоғары атақты абыроймен атқаруға ант берді.

Салтанатты іс-шараға облыстық ТЖД бастығының орынбасары - Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Алмаз Төлендин қатысып, жас құтқарушыларға сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

- Ант қабылдау рәсімі қуаныш пен жауаптылықты сезінетін, қиын да қастерлі кезеңдерді бастан кешіретін қызметтік өмірдің есігі. Сіздер бүгін ант қабылдай отырып, халқымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің Конституциясы мен заңдарының сақталуы үшін жоғары жауапкершілікті алдыңыздар. Қазақстан Республикасына және оның халқына адал болу анты сіздердің жүректеріңізде мәңгі сақталып, қызметте бағдар болады деген сенімдеміз, - деді А.Төлендин.

Қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдай отырып, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінің толыққанды қызметкері атанды. Бүгінде облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 819 штаттық бірлікке толықты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #ТЖД
Объявления
live comments feed...