• Главная
  • Құрманғазы ауданында бокстан Ж.Нәжімеденов атындағы республикалық ашық турнир басталды
12:00, 1 ноября 2023 г.

Құрманғазы ауданында бокстан Ж.Нәжімеденов атындағы республикалық ашық турнир басталды

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

фото: аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Құрманғазы ауданында бокстан Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі, белгілі ақын Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

11-12 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Абат Жанғалиев қатысып, балғын спортшыларға сәттілік тіледі. 

– Сіздерді бүгінгі еліміздің Әнұраны авторларының бірі, белгілі ақын, жерлесіміз Жұмекен Нәжімеденовтің рухына арналған бокстан жасөспірімдер арасында ашық Республикалық турнирдің ашылу салтанатымен құттықтаймын! Бұл республикалық турнир ауданымызда осымен  он екінші мәрте ұйымдастырылуда. Дәстүрге айналған бұл турнирде шаршы алаңға түсетін балғын спортшыларға сәттілік тілеймін, - деді аудан әкімі. 

Республикалық турнирде көршілес Өзбекстан елінен, Астана, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан, Атырау қаласы мен аудандардан келген 250-ге жуық боксшы бақ сынамақ. Жарысқа он екі төреші қазылық етіп, қорытындысында жеңімпаздарға «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» атағы беріледі. 

Айта кетейік, аталған дода 6-қарашаға дейін жалғасатын болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #бокстан турнир
Объявления
live comments feed...