• Главная
  • Атырау облыстық №2 ауруханасында госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды
16:00, 31 октября 2023 г.

Атырау облыстық №2 ауруханасында госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Өңір бойынша алғаш рет Атырау облыстық №2 ауруханасында госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Госпитальдық фармация бөлімшесі бұған дейін батыс аймақтардың ішінде Ақтөбе қаласында ғана ашылған. Аталған бөлімшеге «Halyk Bank» демеушілік білдіріп, үш рециркулятор және дәрілік заттарды стерильді жағдайда тасымалдау үшін  арнайы  медициналық бұйымдарды алып берді.

Бөлімшенің ашылу салтанатына Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен аурухана дәрігерлері қатысты.

-Бұл госпитальдық фармация халықаралық деңгейде, бүкіл әлемде енгізілген жүйелердің бірі. Біздің өңірімізге әріптесіміз Зәуре Тасқынғалиқызы өткен жылы шет елмен тәжірибе алмасу барысында осы идеяны алып келген болатын. Бүгінгі күнге дейін бөлімше пилоттық режимде жұмыс жасап келсе, енді толықтай ресми түрде ашылуда. Әріптесімізге алғысымызды білдіре отырып, барлық ұжымның жұмысына сәттілік тілеймін, - деді Қ.Абдалиев.

Госпитальдық фармация бөлімшенің өте маңызды аспектісі - дәрілік заттарды антисептикалық орта жағдайларында дайындау болып табылады. Ең алдымен арнайы бағдарламамен бөлімдерден керекті дәрі-дәрмектерге сұраныс түседі. Мамандар сұраныс бойынша берілетін дәрі-дәрмекке арнайы термопринтердің көмегімен аты-жөндерін жазып шығарып, дәрі-дәрмекті арнайы қораптарға салады. Ары қарай жеткізуші көмегі арқылы дәрілер бөлімдерге жеткізіледі. Қазіргі таңда жұқпалы ішек аурулар бөлімшесі, терапия, жіті респираторлы вирусты инфекция және қабылдау бөлімшелері госпитальдық фармация жүйесімен өз қызметтерін атқаруда, - деді Атырау облыстық №2 ауруханасының директоры Надя Ерғалиева. 

Аурухананың бас мейіргері Зәуре Алмуханованың айтуынша, госпитальдық фармация бөлімшесінің іске қосылуы саладағы дәрілік заттардың қозғалысын, сақталуын, медбикелердің жұмыстарың оңтайландыруға және дәрілік заттардың қоймаларын өзге мақсатқа пайдалануға септігін тигізді. Сондай-ақ, жансақтау бөлімшесіне госпитальдық фармация жүйесін енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, госпитальдық фармация бөлімшесінің пилоттық іске қосылған осы жылдың тамыз, қыркүйек айларын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір өзгешелік бар. Айталық, былтыр бір науқасқа 4800 теңгеге дәрі кеткен болса, биыл 2500 теңге көлемінде дәрі дәрмек кеткен. Яғни, жалпы үнемдеу сомасы бір айға 3 млн теңгені құрап отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #ауруханалық фармация
Объявления
live comments feed...