• Главная
  • Атыраулық жастар Перизат Мырзахметпен кездесті
10:00, 30 октября 2023 г.

Атыраулық жастар Перизат Мырзахметпен кездесті

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

«Жеті Жарғы» қоғамдық қорының ұйымдастырумен, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Телехикалар өндірісі жөніндегі департамент жетекшісі, блогер Перизат Мырзахмет атыраулық жастармен кездесті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.  

Кездесуде медиа сауаттылық тақырыбында әңгіме өрбіді. Әсіресе қазіргі уақытта Қазақ киноиндустриясына үлкен серпіліс жасаған «Міржақып. Оян, қазақ фильмі!» және алдағы уақытта бой көрсететін телеарнадағы жобалар туралы әңгіме қозғалды.

- Жастар білімнің құндылығын ұғынуы керек. Адамның білім сапасы артқан сайын, тұлға ретінде қалыптаса бастайды. Ой-өріс әлеуметтік желімен ғана шектеліп қалмауы тиіс. Халық сізді ізденіп жүріп оқитындай дүние жасаңыздар,- деді П.Мырзахмет.

Кездесуде қатысушылар телеарна бағытында өздерін толғандырған сауалдарын қойып, өз ой-пірлерімен бөлісті. 

Айта кетейік, Перизат Мырзахмет отандық телеарналардағы бірқатар жобалардың сценаристі, продюсер, бірқатар веб-сериалдардың және «Өмірдің аты – М» кітабының авторы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #Перизат Мырзахмет
Объявления
live comments feed...