• Главная
  • Жыл басынан бері облыс бойынша сауда саласындағы негізгі капиталға салынатын инвестицияның 62,6%-ы орындалды
14:00, 29 октября 2023 г.

Жыл басынан бері облыс бойынша сауда саласындағы негізгі капиталға салынатын инвестицияның 62,6%-ы орындалды

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

фото: Аймақтық байланыс қызметі.

Атырау облысы бойынша сауда саласындағы негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемінің жоспарлы көрсеткіші 23,1 млрд теңге деп белгіленген. Оның бүгінгі күнге дейін 62,6%-ы орындалды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Алем Уалиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, биыл қаңтар-тамыз айларында сауда саласындағы негізгі капиталға бөлінген инвестициялар 14,5 млрд теңгені құрап отыр. Оның ішінде «Көтерме және бөлшек сауда», «Автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу» бойынша – 6,01 млрд теңге, «Қаржы және сақтандыру қызметіне» – 0,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар «Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету» саласы бойынша – 7,4 млрд теңге бөлінсе, «Қызметтердің басқа түрлерін ұсыну» бойынша бөлінген инвестиция – 0,3 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар департамент басшысы 2023-2025 жылдарға арналған сауда саласында жүзеге асырылатын инвестициялық жоба шеңберінде сөз қозғады.

- Осы жылы облыстың қала және аудандарынан сауда саласы бойынша  11,5 млрд теңгені құрайтын 47 инвестициялық жоба енгізілген болатын. Қазіргі таңда олардың 42-ы жүзеге асырылып, қалған 5 жобаны жыл аяғына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оған қоса айта кету керек, бүгінде облыс бойынша сыйымдылығы 29 200 тонна болатын 5 көкөніс сақтау қоймасы тіркелген, - деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, биыл мамыр, маусым және қыркүйек айларында «Қызанақ AGRO» ЖШС және «Агрофеликс» шаруа қожалығымен жалпы көлемі 5136 тонна болатын әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері бойынша құны 747 млн теңгені құрайтын келісім шарт жасақталды. Оның ішінде 1582 тонна картоп, 1513 тонна жуа, 1290 тонна сәбіз, 751 тонна қырыққабат өнімдері бар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #торговля #инвестиции
live comments feed...