20:00, 28 октября 2023 г.
Облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың толыққанды өмір сүруі үшін жағдай жасалуда
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінде облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі бойынша 55 тәрбиеленуші бар. Олардың 22-і Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепке, 21-і Талқайраң негізгі мектебіне және 7 бала Бесікті мектеп-интернатына тасымалданып, оқытылады.
Е.Сламбековтің айтуынша, мектептердегі мұғалімдермен тұрақты байланыс орнатылып, сабаққа қатысу, пікір алмасу жұмыстары жолға қойылған.
- Тәрбиеленушілер тек тәрбиелік шаралармен шектелмей, қосымша білім беру мамандарының жыл бойына жасақталған жоспарларына сәйкес үйірмелерге қатысады. Атап айтсақ, футбол, баскетбол, ағылшын тілі пәні бойынша «Funny English» үйірмесіне қатысады және логопед маманы тіл мүкістігі бар балаларға арналған сабақтар өткізеді. Сонымен қатар Атырау облыстық UWW Грэпплинг күрес федерациясымен бірге тәрбиеленушілерге салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында грэпплинг күрес үйірме жұмыстары да жүргізілуде. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Ақжар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорт түрлері бойынша қосымша үйірмелер жұмыс жасайды, - деді Е.Сламбеков.
Сондай-ақ ол, мекемедегі балалардың барлығы тұрғын үйі жоқтар есебінен тұрғын үй кезегіне қойылғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта балалардың құқықтарын қорғау бағытында мекеменің террористік тұрғыдан осал объекті бойынша паспорт дайындау, алимент өндіру үшін құжаттарды жаңарту, жұмысқа орналасуға анықтама жинақтау және т.б. жұмыстар жүргізілу үстінде.
Айта кетейік, облыс бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 493 бала тіркелген. Соның ішінде, қорғаншылық немесе қамқоршылықта 398, патронаттық тәрбиеде 10 бала бар. Сондай-ақ жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда жалпы 85 тәрбиеленуші, атап айтсақ, әлеуметтік қорғау мекемесінде - 10, денсаулық сақтау саласында - 20, білім беру саласында – 55 бала тәрбиеленуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:24
Вчера
18:06
Вчера
15:40
Вчера
live comments feed...