12:00, 28 октября 2023 г.
Атырауда ауылшаруашылық мақсаттағы 216 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
фото: Аймақтық байланыс қызметі
Атырау облысы Жер ресурстарын басқару департаменті ҚР Президентінің Республика бойынша ауыл шаруашылық мақсатына беріліп, игерілмей отырған жер учаскелерін мемлекетке қайтару тапсырмасына сәйкес, аймақта бірқатар жұмыстар атқаруда. Бұл туралы Атырау облысы Жер ресурстарын басқару департаменті басшысы Гүлзия Құрманова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Күні бүгінге дейін облыс бойынша 216 ауылшаруашылық жерлері мемлекетке қайтарылды. Бұл жалпы алғанда 114 656 гектар жер. Оның ішінде 40 гектары егістік, 113 975 гектары жайылым, өзге алқаптар 641 гектар. Атырау қаласы аумағындағы барлығы 35 жер учаскесі мемлекетке қайтарылған. Бұл өз кезегінде 7823,38 гектарды құрайды,- деді Г.Құрманова.
Сондай-ақ оның айтуынша, Жылыой ауданында 22 жер учаскесі қайтарылған. Оның көлемі 19551,5 га. Құрманғазы ауданы бойынша 8319,25 гектар болатын 20 жер учаскесі мемлекет меншігіне өткен. Сондай-ақ Қызылқоға ауданында 19 179 га құрайтын 20 жер учаскесі қайтарылса, оның ішінде 3 жер учаскесінің мерзімі аяқталуына байланысты мемлекет меншігіне берілген. Мақат ауданында 8203,15 га болатын 6 жер, Махамбет ауданында 15823,9 га құрайтын 57 жер, Исатай ауданында 11 596 га құрайтын 26 жер, Индер ауданында 24 160 га құрайтын 30 жер учаскесі қайтарылған. Барлығы жер пайдаланушыларының өз еркімен беріліп отыр.
Айта кетейік, осы жылы Атырау облысы бойынша 210 000 га жер учаскесін қайтару жоспарда тұр. Ауыл шаруашылық мақсатына беріліп, игерілмей отырған жер учаскелері өз еркімен, мерзімі аяқталуына байланысты, сот шешімі арқылы және өзге жолдармен мемлекетке қайтарылуда.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
12:31, 2 декабря
15
12:31, 2 декабря
12:31, 2 декабря
53
live comments feed...