• Главная
  • Атырауда «Каспий тынысы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті
12:00, 27 октября 2023 г.

Атырауда «Каспий тынысы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында академик Муфтах Диаровтың 90 жылдығына арналған «Каспий тынысы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликованың айтуынша, конференция көрнекті ғалым, академик, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор М.Диаровтың құрметіне және оның Каспий маңы геологиясы, экологиясы және су үнемдеу саласындағы мұрасына арналған. 

-Бұл конференция халықаралық деңгейде өткізіліп отыр. Өздеріңіз білетіндей бұл кісі секілді ғалымдар елімізде санаулы. Ол өмір бойы өзінің ғылыми зерттеулерін Каспий тынысын және оның экологиясы мен геологиясын зерттеуге арнаған. Сондықтан бүгінгі университетімізге жиналған ғалымдар Каспийдің қазіргі жағдайын, оны ары қарай зерттеу жолдарын қарау мәселелерін талқылауда. Осы отырыс күрделі сұрақтарға серпіліс береді деген сенімдеміз, - деді Г.Шакуликова.

Жиын барысында академик М.Диаровтың естеліктері көрсетілді және «Диаровтың өлшемі» атты пленарлық отырыс өтті. Сондай-ақ «Еуразиялық өлшем» пікірсайыс алаңында Каспий өңірінің мұнай-газ әлеуетін барлау, болжау, бағалау және Каспий теңізінің экологиялық проблемалары туралы айтылды.

Айта кетейік, М.Диаров 300-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 26 монографияның, 8 өнертабыстың және 2 өнертабысқа патенттің авторы. Сонымен қатар табиғи ортаның барлық салаларын қорғау шаралары мен мемлекет ұғымдары берілген «Экология және мұнай-газ кешені» атты он томдық кітаптың авторы. Мұнда Атырау облысы аумағының шөлейттенуі туралы ақпарат берілген және Атырау облысының ауа бассейнінің ластануын зерттейді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #конференция #"Каспий тынысы"
Объявления
live comments feed...