20:00, 26 октября 2023 г.
Құлсарылық жастар табысқа жетудің қыр-сырын үйренді
фото: Аймақтық байланыс қызметі
Құлсарыда орналасқан жергілікті оқу орындарының студенттері, жас кәсіпкерлер мен мамандар «Жетістік сыры» атты мотивациялық кешке қатысты. Іс-шарада олар қаланың әлеуметтік өміріне белсенді араласатын, қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген түрлі кәсіби салалардың қызметкерлерімен кездесіп, болашақ мамандығын таңдау, кәсіп ашқанда кездесетін қиындықтар, мақсатқа жету жолы тақырыптарында дәрістер тыңдады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жастар іс-шарада кеш қонақтарының өмірлік тәжірибесімен танысып, олардың табысының негізгі құпияларын білді. Спикерлер мансап жолы мен тұлға ретінде қалыптасуы өзгелерді шабыттандыратын кәсіпкерлер мен қоғамдық еріктілер. Солардың бірі – сирек кездесетін жүзім сорттарын өсіретін және ауданда аграрлық бизнесті дамытуға атсалысып жүрген, жүзім өсірудің қыр-сырын жетік меңгерген әлеуметтік кәсіпкер және де «Бақша соусы» атты ерекше тыңайтқыштың авторы Бауыржан Хасанұлы.
- Бала кезімнен ата-анам үйіміздің бақшасындағы өсімдіктерді күтіп-баптауды үйретті. Маған бұл іс қатты ұнайтын. 18 жасымда кездейсоқ YouTube желісінен жүзім жинау туралы видеоны көріп, бұл жидекті өз бақшамызда өсіруді ойға алдым. Осыдан соң бірте-бірте интернеттен ақпарат жинап, Қазақстанның басқа қалалары мен Ресейден тәжірибе алмасуға дайын жүзім өсірушілерді іздей бастадым. Құлсарыда өсіп көрмеген көшеттерді тапсырыспен алдырттым. Бизнес саласында қиындық көп, оған мойымау керек, керісінше онымен күресіп, өзіңді шыңдау қажет. Мен бүгін жастарға осыны жеткізгім келді, - деді Б.Хасанұлы.
Кездесу барысында қонақтар тұлғалық және кәсіби даму, жеке брендті қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде әңгіме өрбітті және сұрақ-жауап сессиясын өткізді. Қонақтардың арасында «Теңізшевройл» ЖШС үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Дармен Аронов, Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Әлібек Науаров, коуч, бизнес-тренер, «Qabilet» қоғамдық қорының жетекшісі Алтынгүл Атабаева, жүзім өсірумен айналысатын әлеуметтік кәсіпкер, «Бақша соусы» тыңайтқышының авторы Бауыржан Хасанұлы, паражеңіл атлетика спортшысы Әлиева Айдана және кәсіпкер, юморист, блогер Абылайхан Қуаналиев болды.
– Бүгінгі іс-шараның басты міндеті – жастарға бағдар беру және оларға өз күштеріне деген сенімділікті ояту. Қазіргі таңда еңбек нарығында жай ғана білімді болу жеткіліксіз, жас мамандар бастамашыл болуы және сұранысқа сәйкес үнемі дамып отыруы керек. Олар бүгінгі шарада маман ретінде қалыптасқан кәсіпқойлардан дәріс, өздерін дамытуға мотивация алады деп үміттенеміз, - деді «Теңіз жүрегі» жобасының менеджері Рысты Жексенбаева.
Ұйымдастырушылар «Теңіз жүрегі» жобасы жастардың дамуына ерекше назар аударып, тұрақты негізде білім беру және дүниетанымын кеңейту бағытында көптеген шаралар өткізетінін атап өтті. Мысалы, Атырау және Құлсарыда ағылшын тілін үйрену, кәсіби бағдар беру, волонтерлік қызмет және басқа да маңызды бағыттар бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өтеді.
Аталған дәріс «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының қолдауымен «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры жүзеге асыратын «Теңіз жүрегі» жобасы аясында өтіп отыр.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
12:31, 2 декабря
12:31, 2 декабря
15
live comments feed...