12:00, 26 октября 2023 г.
Атырауда «Өз жерімізді таза ұстайық, өз балаларымызға үлгі көрсетейік!» атты сенбілік өтті
фото: Аймақтық байланыс қызметі.
Атырауда ЭКО қоғамдық ұйымы мен Қазақстан халық партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Нұрсая ықшам ауданында «Өз жерімізді таза ұстайық, өз балаларымызға үлгі көрсетейік!» атты қалдықтарды бөлек жинау сенбілігі өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Іс-шараға Атырау ЭКО активистері, ҚХП өкілдері, экологтар, қоғам белсенділері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Соның бірі зейнеткер, Қазақстан Халық партиясы Әйелдер қанатының басқарушысы Людмила Кубентаева осы сенбілік жұмысының қоғамға тигізер пайдасы мол екенін айтып өтті.
- Бүгінгі өткізіліп жатқан шараға мен бірінші рет қатысып отырмын. Меніңше бұл қоғамға өте пайдалы дүние. Ең алдымен экологиямыздың тазалығына оң әсерін тигізеді. Қазір мұнда қоқыстарды түр-түрімен бөліп, арнайы орындарға жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл өз қаламыздың, еліміздің тазалығына қосқан үлкен үлесіміз деп білемін. Мен мұндай іс-шаралардың өткізіліп отырғанына өте қуаныштымын. Алдағы уақытта барша қала тұрғындары осы тазалық жұмыстарына қатысып, атсалысса деген ойым бар, - деді Л.Кубентаева.
Қоқысты бөлек жинау тәсілін үйрететін экологиялық жоба халыққа тұрғылықты жерін уақытылы жинап, таза ұстаудың маңыздылығын түсіндіру үшін және қоршаған ортаны қорғау, қоқыстарды сұрыптап жинауды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған.
Айта кетейік, сенбілікте «Жастар ресурстық орталығына» қала тұрғындары өздерінің жиналған қоқыстарын әкеліп тапсырды. Ал еріктілер мен қоғам белсенділері қоқыстарды сұрыптап арнайы орындарға өткізеді. Бұл тазалық жұмыстарын ай сайын ұйымдастыру жұмыстары жоспарлануда.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
ТОП новости
Объявления
12:31, 2 декабря
12:31, 2 декабря
15
live comments feed...