• Главная
  • Облыстағы автокөлік жолының құрылысы мен саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі қаралды
20:00, 20 октября 2023 г.

Облыстағы автокөлік жолының құрылысы мен саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі қаралды

фото: Аймақтық байланыс қызметі

фото: Аймақтық байланыс қызметі

Бүгін аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды

Жиында Серік Шапкенов жауапты сала мамандарына облыста жол-келік оқиғасы жиі тіркелетін «Атырау-Доссор» тас жолына ерекше назар аударып, аталған жолдың жақсаруын жүйелі шешуді тапсырды. Сонымен қатар қала ішіндегі бағдаршамдарды заманауи талапқа сәйкестендіру қажеттігін атап өтті.

- Өзекті мәселелердің бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар. Жол тақырыбындағы мәселелер  де бұл тақырыптан айналып өтпейді. Қазірден бастап қателік көрсек, оны түзеуге асығып, кейін жұмысын жалғау керек. Тас жол құрылысына пайдаланылатын материалдарға, ондағы жұмыстың сапасына көңіл бөлу керек,-деді С.Шәпкенов. 

Комиссия отырысында бизнес субьектілерін сыбайлас жемқорлықтан қорғау бағытында жүргізілген жұмыстар туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерұлан 

Серікқалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, «Бизнеске жол» жобасы аясында 853 кәсіпкерлік субьектісінің құқығы қорғалған.

- Жоба шеңберінде департаментке жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілерінен 66 өтініш келіп түсіп, оның 23-і  оң шешімін тапты. Департаменттің ұсынымдары бойынша тәртіптік жауапкершілікке 5 лауазымды тұлға, 2 мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік сатып алу, кедендік және салықтық әкімшілендіру саласында Департаменттің ұсынуы бойынша квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік органның субъектілері 155 кәсіпкерлік субъектісіне 1 млрд. теңге мөлшерінде берешек төледі,-деді Е.Серікқалиев.

Атырау облысы аумағында автомобиль жолдарында жол инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылған шаралар туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұханбеталиев баяндама жасады. Ол жыл басынан бері 41 елді мекенде 241 шақырым автомобиль жолын жөндеу жұмыстары басталғанын айтты. 

- Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар «7-разъезд-Асан-Азғыр-Балқұдық-Сүйіндік» автомобиль жолының жалпы ұзындығы 282 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда 0-36 шақырым және 36-98 шақырым аралығындағы жолдың жөндеу жұмыстары үшін жобалау сметалық құжаттамаға тас жолдың жоғары қабатына ұнтақ асфальт жабындысын төсеу үшін  түзетулер енгізіліп жатыр,-деді Ә.Мұханбеталиев.

Ал республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы «Қазавтожол» ҰК филиал директоры Болатбек Айтбаев баяндама жасады. Ол облыс әкімінен ауыр салмақты, ірі габаритті көліктердің шектен тыс жүк тасымалдауы автомобиль жолының жамылғы қабатын бұзып жатқанын айтып, шарасын алуды сұрады.

- Қазіргі уақытта  «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар А-27 «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы (Астрахань бағыты)» автомобиль жолының 616-833 шақырым аралығында топырақ жұмыстары, қиыршық тас-құм қоспасы, қара қиыршық тас, жол жабындының төменгі асфальтобетон қабаты және жолды кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жолдың 616-833 шақырым аралығында 146 шақырым төменгі қабатпен асфальтобетон қайта жаңғырту жұмыстары атқарылып, жылдың соңына дейін көлік жүруіне қамтамасыз ету жоспарланды. Десе де ірі габаритті көліктердің жиі жүк тасымалдауы тас жолдың сапасына әсер етіп отыр,-деді Б.Айтбаев.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Атырау #жол құрылысы #сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Объявления
live comments feed...